23 сәуір 2021
21 сәуір күні Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында Ғылыми-техникалық кеңестің отырысы өтті, онда кәсіпорын қызметінің стратегиялық бағыттары жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша жаңа ұсыныстар қаралды.
Отырысты ашқан кеңес төрағасы – ҚР ҰЯО РМК бас директоры Э.Ғ.Батырбеков жаңа бағыттарды дамыту және жүргізілетін ғылыми зерттеулердің көлемін ұлғайту қажеттігін атап өтті. Бүгінде кәсіпорын өзінің ғылыми құзыретін белсенді түрде арттыруда.
Соңғы бірнеше ай ішінде ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру конкурстары шеңберінде берілген ҚР ҰЯО РМК-ның 12 жобасы мақұлданды. Тек 2021 жылдың басынан бастап ҚР ҰЯО РМК-ның екі қызметкері философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларын сәтті қорғады, бұл ретте қорғаудың біреуі Париждің Сорбонна университетінің негізінде халықаралық кеңесте өтті. Кәсіпорында алдыңғы қатарлы жабдықтармен жабдықталған заманауи зертханалық база құрылды және жұмыс істейді, ол бірқатар бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Мұның барлығы кәсіпорынға Қазақстанда ғылымды дамыту бойынша мемлекет тарапынан жасалып жатқан күш-жігерді қолдау үшін жұмысты ойдағыдай жүргізуге мүмкіндік береді.
Отырыстың қорытындысы бойынша ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша айтылған барлық ұсыныстар өзекті деп танылып, Кеңес одан әрі пысықтауға және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобалары нысанында ұсынуға ұсыныс жасады.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024