27 мамыр 2021
ҚР Ұлттық ядролық орталығы басқарылатын термоядролық синтез саласындағы зерттеулер жөніндегі «Fusion energy conference» халықаралық конференциясына қатысты.
Кәсіпорын қызметкерлері қазақстандық КТМ материалтану токамагындағы зерттеулердің нәтижелері, плазма диагностикасының әдістерін әзірлеу, бірінші қабырға материалдарын зерттеу, сәулеленген бериллийді қайта өңдеу қондырғысын әзірлеу нәтижелері бойынша бірнеше баяндама ұсынды, сондай-ақ Қазақстанда басқарылатын термоядролық синтез саласындағы зерттеулер бойынша шолу баяндамасы жасалды.
Конференция басқарылатын термоядролық синтез саласындағы зерттеулер мен әзірлемелердің соңғы нәтижелері бойынша жасалған баяндамалары бар ірі ғылыми-зерттеу орталықтарының, жеке компаниялар ғалымдарының қатысуымен виртуалды платформада қашықтықтан өтті.
Конференция шеңберінде басқарылатын термоядролық синтездің озық қондырғылары бойынша виртуалды турлар, оның ішінде қазіргі уақытта салынып жатқан халықаралық ИТЭР термоядролық эксперименттік реакторының алаңы бойынша техникалық тур өткізілді.
Конференцияның презентациялық материалымен (презентациялар мен аңдатпалар) https://conferences.iaea.org/event/214/contributions/ сілтемесі арқылы танысуға болады.
Конференция баяндамаларының препринттеріне МАГАТЭ-нің ресми сайтында 2021 жылғы шілдеде қол жеткізуге болады.
22 қараша 2024
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024