21 қыркүйек 2021
Венада МАГАТЭ Бас конференциясының 65-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Үндістанның Жаһандық атом энергетикалық әріптестік орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«Бұл екі елдің ұйымдары арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың маңызды қадамы, - деп атап өтті ҚР ҰЯО бас директоры Эрлан Батырбеков. - Ұлттық ядролық орталық бірлескен зерттеулер үшін атом энергетикасын дамыту саласындағы бірегей материалдық-техникалық базасын, мамандарымыздың тәжірибесі мен біліктілігін ұсынады. Біздің ынтымақтастығымыз жылдан жылға кеңейіп, нығайып, бізді жаңа ғылыми біліммен және байланыстармен байыта түсетініне сенімдімін».
Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсаттарда пайдалану саласындағы, оның ішінде ядролық қауіпсіздік және физикалық қорғау жүйесі, радиациялық қауіпсіздікті зерттеу, кадрлық әлеуетті дамыту және тағы басқа мәселелер бойынша ынтымақтастықты дамытуға ниетті.
Үндістанның Жаһандық атом энергетикалық әріптестік орталығы (GCNEP) - Үндістан Үкіметінің Атом энергиясы басқармасы жанындағы ұйым. Оқытылған мамандар тобын құру мақсатында ядролық жүйелерді зерттеу, жобалау және әзірлеу, сондай-ақ үндістандық және халықаралық сарапшылардың өзекті мәселелері бойынша тренингтер, семинарлар, дәрістер мен практикумдар ұйымдастырады, бірлескен зерттеулер, оқыту бағдарламалары және консультациялық қызметтер арқылы ядролық энергия саласындағы жаһандық әріптестікке жәрдемдеседі.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024