12 қазан 2021
9-10 қазанда ҚР Ұлттық ядролық орталығына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Еділ Жаңбыршин мен Елдос Абақанов келіп қайтты.
ҚР Ұлттық ядролық орталығының объектілерін (КТМ токамагын, зертханаларды, «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешенін) және бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағын аралағаннан кейін кәсіпорынды ғылыми-техникалық дамыту мәселелері, таратпау режимін қолдау жұмыстарының нәтижелері, бұрынғы Семей сынақ полигоны жерлерін кешенді экологиялық тексерудің алдын ала қорытындылары, сондай-ақ қазіргі уақытта қаралып жатқан «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасының аспектілері талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі деңгейінде «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Заң жобасы қаралуда. Заңның қабылдануы полигон аумағында және оған іргелес жатқан жерлерде радиациялық және экологиялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге, бұрынғы полигон жерлерін пайдалану мәселелерінде мемлекеттік бақылауды күшейтуге, жер пайдалану және салық салу, аумақты оңалту, елдің ғылыми әлеуетін дамыту мәселелері бойынша арнайы құқықтық режимді айқындауға мүмкіндік береді.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024