27 қазан 2021
18 қазанда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Қол қоюға Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов пен Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Эрлан Батырбеков қатысты. Кездесуге сондай-ақ Қазатомөнеркәсіптің ЯОЦ жөніндегі бас директоры Досболат Сарымсақов, Өндіріс жөніндегі бас директоры Аслан Бөлекбай және Ұлттық ядролық орталық бас директорының Ғылым жөніндегі орынбасары Владимир Витюк қатысты.
Осы ынтымақтастық шеңберінде атом энергиясын пайдалану саласындағы жобаларға ғылыми-техникалық сараптамалар, ядролық қондырғылар мен көліктік қаптама жиынтықтарының күрделілігі бойынша физикалық есептер, перспективалық материалдар мен ядролық отын құрамдауыштарын ғылыми-зерттеу жұмыстарын және реакторлық сынақтар жүргізу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу технологияларын әзірлеу, қалпына келтірілген жерлердің құнарландырудан кейінгі мониторингін қоса алғанда, аумақтар мен жерлерді радиоэкологиялық зерттеу, жоюды, қалпына келтіруді жоспарлауды оңтайландыру және атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклін аяқтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді. Ынтымақтастық бағыттарының арасында кен орындарының, радиоактивті қалдықтардың, қалдық қоймаларының, үйінділерінің радионуклидті және элементтік құрамын зерттеу, халық пен қызметкерлердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану объектілерінің қоршаған ортасын қорғау бар.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024