29 тамыз 2017
Авторлары Н.Ә. Назарбаев, В.С. Школьник, Э.Ғ.Батырбеков,
С.А. Березин, С.Н. Лукашенко, М.Қ.Сқақов болып табылатын «Бұрынғы Семей сынақ полигонын қауіпсіз күйге келтіру бойынша ғылыми-техникалық және инженерлік жұмыстар кешенін жүргізу» атты үш томдық монография енді ағылшын тілінде басылып шықты. Кітаптың тұсаукесері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Ұлттық ядролық орталығының делегациясы қатысқан ғылым және жаһандық мәселелер жөніндегі 62-ші Пагуош конференциясы аясындағы көрме кезінде жасалды.
Анықтама үшін. «Ғылым және жаһандық мәселелер жөніндегі Пагуош конференциясы» ғалымдардың Пагуош қозғалысы (ҒПҚ) деген атпен де белгілі. Ол бейбітшілік, қарусыздану, қауіпсіздік және ғылыми ынтымақтастық үшін ғалымдарды, саяси және қоғамдық қайраткерлерді біріктірген халықаралық үкіметтік емес ұйым болып табылады. Қозғалыс өз атауын 1957 жылы әлемдік саясаттың маңызды аспектілері, атап айтқанда ядролық соғыс қатері талқыланған ғалымдардың алғашқы халықаралық кездесуі өткен Канаданың Пагуош (Pugwash) жерінде алды».
Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылғы 29 тамызда Астана қаласында өткен «Ядролық қарусыз әлем құру» атты халықаралық конференцияда орыс тіліндегі үш томдық монография таныстырылған болатын. Монография ҚР Ұлттық ядролық орталығының шетелдік серіктестермен бұрынғы ССП әскери-өнеркәсіптік кешенін конверсиялау бойынша бірлесіп жүргізген жұмыстарының, атом энергетикасы мен радиоэкология саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастығының практикалық тәжірибесін жинақтайтындықтан, Қазақстанның, таяу және алыс шетелдердің ғылыми қоғамдастығының үлкен қызығушылығын туғызды.
22 қараша 2024
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024