31 желтоксан 2021
Құрметті әріптестер!
Келе жатқан Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Өтіп бара жатқан 2021 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы ұжымы көп жұмыс атқарды, біз кәсіпорынның даму қарқынын едәуір ұлғайтып, бюджеттік бағдарламалар мен халықаралық келісімшарттар шеңберіндегі барлық жобаларды ойдағыдай іске асырдық, бірқатар жаңа келісімдер мен шарттарға қол қойдық. Бұл бізге болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның дамуына қосқан үлестеріңіз үшін және қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтамын!
Алдағы 2022 жыл жағымды оқиғаларға толы болады деп үміттенемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында мол табысқа, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, 2022 жылдың тарихына жарқын және елеулі жаңа кезеңді енгіземіз деп сенемін.
Келе жатқан Жаңа жыл өмірлеріңізге береке мен қуаныш әкелсін. Жаңа жылда Сіздерге және жақындарыңызға шын жүректен зор денсаулық, бейбіт өмір, жақсылық және бақыт тілеймін!
Бас директор Эрлан Батырбеков
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024