11 ақпан 2022
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО РМК) қызметіндегі бағыттардың бірі жер сілкіністерін тіркеу және болжау болып табылады. Қазіргі уақытта ҚР ҰЯО РМК Қырғызстан, Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ, Германия және Франция ғалымдары мен сарапшыларының қатысуымен НАТО-ның «Бейбітшілікке арналған ғылым» аясындағы қаржылық қолдауымен іске асырылатын «Қазақстан мен Қырғызстандағы сейсмикалық қауіптілік және экологиялық қауіпсіздік» жобасына қатысуда.
Жоба жетілдірілген белсенді жарылымдар картасын жасау үшін Қазақстан мен Қырғызстанның Тянь-Шань өңірі бойынша палеосейсмологиялық ақпаратты жинауға бағытталған. Басты Шыңғыс жарылымы ауданындағы қауіптілікті бағалау үшін далалық геологиялық бақылаулар, сондай-ақ спутниктік ақпараттың көмегімен геологиялық зерттеулер жүргізу жоспарланған.
Анықтама үшін..2012 жылдан бастап ҚР ҰЯО РМК «Шекарасыз жер сілкіністері» жобасы аясында Кембридж және Оксфорд университеттерімен (Ұлыбритания) жемісті ынтымақтастық жүргізіп келеді, ол ғалымдардың, халықтың және мемлекеттік ұйымдардың күшті жер сілкіністерінен болатын зиянды азайту, сейсмикалық апаттардың ауыр гуманитарлық салдарымен күресу ісіндегі байланысын жақсартуға бағытталған.
Жоба бойынша халықаралық семинарлар, тағылымдамалар, сондай-ақ әртүрлі елдерден келген ғалымдар мен студенттер үшін бұрын болған қуатты жер сілкіністерінің ошақтық аймақтарына халықаралық ғылыми экспедициялар өткізілді. Мұндай экспедициялар бірнеше жыл қатарынан Қазақстан аумағында да 1889 жылғы магнитудасы М=8,4-ке тең ең күшті Шелек жер сілкінісінің ошақтық аймағында, сондай-ақ тарихи болжам бойынша Лепсі жер сілкінісінің аймағында жұмыс істеді. Жұмыстардың нәтижесінде шамамен 400 жыл бұрын Лепсі елді мекеніне жақын орналасқан Балқаш маңы аумағында магнитудасы 8-ге жуық болатын қатты жер сілкінісінің болу фактісі іс жүзінде расталды. Аталған жер сілкінісінің уақытын анықтау Оксфорд зертханаларында ең заманауи радиокөміртекті және фотолюминисцентті әдістермен жүргізілді. Бұл жерде бұған дейін де өте күшті жер сілкінісі болғандығы жоғары ықтималдықпен дәлелденді. Мұндай тұжырымдар Қазақстанның осы өңірінің сейсмикалық қауіптілігін бағалауға елеулі түзетулер енгізеді және болашақта күтілетін сейсмикалық әсерлердің деңгейлерін ықтимал бағалаудың есептік көрсеткіштерін өзгертуге мүмкіндік береді.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024