04 наурыз 2022
Құрметті әйелдер қауымы!
Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Көктемнің осы керемет мерекесі бізге, ер адамдарға, өміріміздің мәні болған сүйкімді сыңарларымызға деген сүйіспеншілігіміз бен құрметімізді білдіруге мүмкіндік береді.
Сіздер өмірді сұлулыққа толтырып, жақындарыңызды жан жылуы мен сәулелі сезімге бөлеп, ошақ басының дәстүрін сақтап келесіздер.
Сіздер бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербете отырып, қызметін де үйлестіріп отырған аяулы анасыздар. Бүгінде әйелдер жетістікке жетпеген қызмет саласы жоқ десе де болады. Ең жауапты салаларда еңбек ете жүріп, әрқашан жоғары кәсіби шеберліктеріңізді көрсетіп, алға қойған мақсатқа қол жеткізуде табандылық танытып, ерекше әрі тиімді шешім таба білесіздер.
Біз өз тарапымыздан сіздердің жайлы өмір сүріп, ертеңгі күнге сеніммен қарауларыңыз үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Ең бастысы – біз сіздерді мақтан тұтатынымызды және жақсы көретінімізді айтқымыз келеді.
Құрметті әйелдер!
Сіздерге өмірлік дана ұстамдылықтарыңыз, жанқиярлық еңбектеріңіз, болашаққа деген қамқорлықтарыңыз үшін алғыс айтамын.
Риясыз шат күлкілеріңіз, таусылмас төзімдеріңіз бен мейірімдеріңіз үшін, әр күнімізді шуақты да бақытты ете білгендеріңіз үшін рахмет!
Сіздерге шын жүректен мол бақыт, зор денсаулық, телегей табыс, көктемгі көтеріңкі көңіл-күй, ертеңге деген жақсы үміт пен барлық жақсылықты тілеймін!
Бас директор Эрлан Батырбеков
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024