05 мамыр 2022
№ 2 жоба. 1994-2019 жж. Ядролық сынақтар мен жер сілкіністерін бақылаудың қазақстандық жүйесін құру
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында бірқатар халықаралық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықта ядролық жарылыстар мен жер сілкіністері мониторингінің жаңа заманауи жүйесі құрылды. Жүйе сейсмикалық мониторинг станцияларының, инфрадыбыстық мониторинг станцияларының желісін, Алматы қаласындағы Қазақстанның ұлттық деректер орталығын (KNDC), станциялардың ұлттық және халықаралық деректер орталықтары бар коммуникация жүйесін қамтиды.
Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының, АҚШ Әуе күштерінің қолданбалы технологиялар агенттігінің (AFTAC), Норвегия сейсмология орталығының (NORSAR), Сейсмологиялық институттардың халықаралық консорциумының (IRIS), АҚШ Колумбия университетінің Ламонт-Дохерти Жер обсерваториясының (LDEO), Францияның Атом энергиясы жөніндегі комиссариатының (CEA\DASE) қолдауымен құрылған қазақстандық жүйе 1994 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде қалпына келтірілген, жаңғыртылған және қайта салынған геофизикалық станцияларды, спутниктік байланыс арналары бар коммуникация жүйесін, сондай-ақ 1999 жылы құрылған Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығын қамтиды. 17 объектіден тұратын Геофизикалық бақылау желісі 5 сейсмикалық топты, 8 үшкомпонентті сейсмикалық станцияны, 3 инфрадыбыстық топты және магниттік станцияны қамтиды.
Барлық сейсмикалық топтар мен станциялар негізінен Қазақстан аумағының периметрі бойынша орналасқан. Станциялар олар орналасқан жердегі сейсмогеологиялық жағдайлардың жақсы таңдалуы, ұңғымаларға шу деңгейін төмендететін жабдықтардың орнатылуы, сондай-ақ үшкомпонентті және біркомпонентті сейсмометрлердің кешенделуі арқасында жоғары сезімталдықпен ерекшеленеді. Желінің тұрақтылығы мен жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін жоғары технологиялық жабдықты орнату арқылы техникалық қайта жарақтандыру үнемі жүргізіледі.
Алматыда Қазақстан ұлттық деректер орталығы – KNDC ойдағыдай жұмыс істеуде. Орталықтан 1650 км-ге дейінгі қашықтықта орналасқан барлық станциялардан 130-дан астам байланыс арналары арқылы нақты уақыт режимінде мәліметтер жиналады.
Деректер орталығында жылына 17-20 мыңға дейін сейсмикалық және 50 мыңнан астам инфрадыбыстық оқиғалар өңделеді, күшті және сезілетін оқиғалар туралы жедел хабарламалар, жеделдік дәрежесі әртүрлі бюллетеньдер (автоматты, интерактивті, ҚР БҒМ станцияларының деректерін толықтыру арқылы жиынтық), каталогтар, дерекқорлар, архивтер құрылады. Сейсмикалық оқиғалардың түп негізін тану және жер сілкіністері мен жарылыстардың жекелеген сейсмикалық бюллетеньдерін жасау ретроспективті түрде жүргізіледі. ЯСЖТШ ережелеріне сәйкес Халықаралық деректер орталығы (Вена қ.), Америка деректер орталығы (Флорида), IRIS деректер орталығы (АҚШ), Еуропалық Жерорта теңізі орталығы (Франция), Ресей Геофизикалық қызметінің деректер орталығы (Обнинск қ.), Халықаралық сейсмологиялық орталық (Ұлыбритания) сияқты халықаралық және ұлттық орталықтармен деректер алмасу жүргізіледі.
Тіркелетін оқиғалар туралы деректер web-сайтта (www.kndc.kz) үздіксіз режимде ұсынылады. Осы web-сайт арқылы ақпараттық ресурстарға сұраныс соңғы 5 жылда 15 есе өсті. Деректер орталығында келіп түсетін деректерді бақылаудың автоматтандырылған технологиялары әзірленген және пайдаланылады, соның арқасында деректерді жинау және беру, мониторинг деректерінің үздіксіз ағынын өңдеу процесіндегі проблемалар жедел анықталады. Программалық жасақтаманы конвертациялау және жаңарту жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі, бұл оны ашық алғашқы кодты жүйелерде (Linux) пайдалануға мүмкіндік берді. Нәтижесінде ЯСЖТШҰ Халықаралық деректер орталығы қазақстандық станциялардан және Деректер орталығынан оқиғалардың ауқымды класы туралы ақпарат алады. КХДР-да жасалған барлық ядролық жарылыстар, Орталық және Оңтүстік Азия аудандарындағы жабылмаған ядролық полигондардың маңындағы оқиғалар, әлемдегі күшті жер сілкіністері, Қазақстан аумағындағы сейсмикалық және инфрадыбыстық оқиғалар тіркелді.
ЯСЖТШ-ны қолдау үшін Қазақстанда іске асырылған мониторинг жүйесі посткеңестік кеңістіктегі ең үздіктердің бірі болып табылады.
ЯСЖТШҰ Халықаралық деректер орталығының негізгі REB (Reviewed event bulletin) бюллетенінде олардың деректерін пайдалану жөніндегі бастапқы және қосалқы желілер станцияларының телесейсмикалық қашықтықтардағы оқиғаларды анықтау тиімділігін бағалау қазақстандық ХМЖ сегментінің барлық 4 сейсмикалық станциясы ұзақ уақыт бойы үздіктер қатарына кіретінін көрсетеді.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024