09 мамыр 2022
Ұлттық ядролық орталықтың 30 жылдығына – 30 жоба!
№ 6 жоба. 1997–2007 жж. Жүргізілген ядролық сынақтардың салдарын жою. «Колба» контейнерлерін консервациялау
2005–2012 жылдар аралығында ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Росатом (Ресей Федерациясы) және АҚШ Қорғаныс министрлігінің DTRA мамандары бұрынғы ССП-ның 44 объектісінде жұмыстар жүргізді, атап айтқанда:
Жұмыстар «таралу» тәуекелдерін бағалаудың таңдап алынған және келісілген критерийлерін қанағаттандыратын көптеген объектілерді келісуден басталды. Әр объект үшін тәуекелдің сандық бағасы алынды. Нәтижесінде барлық объектілер қауіптілігі бойынша төрт санатқа бөлінді. Ресей тарапы 4-тен 2-ге дейінгі қауіптілік деңгейіне сәйкес келетін бірқатар объектілерде өнеркәсіптік әдістерді қолданбай, ЯҚҚ-ға қол жеткізуді болдырмайтын қосымша қорғаныс тосқауылдарын құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Төртінші деңгей – ең жоғары қауіптілік деңгейі. Бұл деңгейге сәйкес келетін үш объектіге «Х», «Y» және «Z» шартты белгілері берілді.
Қазақстанның «Х» объектісінде қалған арнайы технологиялық жабдықтар мен оның бөлшектерін Ресей аумағына әкетуге келісім беруі аталған жұмыстағы түбегейлі жаңа оқиға болды.
Тасымалдауды үйлестіру мен басқаруды қамтамасыз ету үшін көліктік бақылау орталығы құрылды, оның құрамына жүк тасымалдаушы, жүк жөнелтуші, жүк алушы, ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК өкілдері кірді. Орталық Курчатов қаласында орналастырылды. Аталған орталық жүк Дегелең станциясында тиелген сәттен бастап «Локоть» станциясында Қазақстан шекарасын қиып өткенге дейін нақты уақыт режимінде, ал жүк алушы станцияға келген сәтке дейін кезекші режимде жұмыс істеді. Штольняларды ашу кезеңінен бастап контейнерді «Локоть» станциясына жеткізгенге дейін барлық жұмыстардың қауіпсіздігі ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің қарауылдарымен қамтамасыз етілді.
2007 жылғы 9 маусымда арнайы вагон Қазақстан Республикасының шекарасынан өтті. Келесі үлкен кезең қосымша қорғаныс тосқауылдарын құру және Дегелең тау сілемі объектілеріндегі ЯҚҚ бар бокстарды толтыру жұмыстары болды. Жұмыстар «көлденең» және «тік» технологиялар бойынша жүргізілді. «Көлденең» технология кезінде штольняның порталы аршылып, тау үңгімесі ЯҚҚ бар боксқа дейін қалпына келтіріледі, бокс қуысына біріктіргіш езінді толтырылып, бетон немесе темірбетон тосқауыл орнатылады, штольняның тоғыспасы құлатылып, айналасындағы тау ландшафтымен бүркемеленеді. «Тік» технология кезінде ЯҚҚ бар бокстарды біріктіргіш материалмен толтыру және бетон қорғаныс тосқауылдарын құру тау сілемінің үстінен тік бұрғыланған ұңғымалар арқылы жүргізілді.
«Көлденең» технология бойынша Дегелең тау сілемінің 19 объектісінде, «тік» технология бойынша 20 объектіде және 2 объектіде «көлденең» және «тік» технологиялардың екеуімен де жұмыстар орындалды. Осы жұмыстарды орындау барысында объектілерде жалпы көлемі 40000 куб метрге жуық қосымша қорғаныс тосқауылдары құрылды (бетон, тау жынысы, арнайы езінділер), бұл ұзындығы 4 км-ден астатын қосымша қорғаныс құрумен теңбе-тең (орташа алғанда әр штольняға 100 метрден). Осы аралықта ССП объектілерінде барлығы 90000 куб метрге жуық қосымша тосқауылдар құрылды.
ЯҚҚ-ны қосымша қорғау жұмыстарын бастамас бұрын және одан кейін «В.Г. Хлопин атындағы рРадий институты» ҒӨБ мамандары әрбір объектінің аумағында тәуелсіз радиоэкологиялық тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері жұмыстар аяқталған соң бұрынғы ССП-ның барлық штольнялары мен алаңдарында экологиялық жағдай жақсарғандығын көрсетті. Дегелең тау сілеміндегі объектілерде ЯҚҚ-ны қосымша қорғау жұмыстарынан басқа, ҚР ҰЯО мамандары штольняларға рұқсатсыз кіру әрекеттерінің алдын кесу іс-шараларын жүзеге асырды – штольняларға кіретін қуыстар топырақпен бітелді.
2008–2011 жылдар аралығында 73 объектідегі кіретін қуыстар жойылды. ҚР ҰЯО мен DTRA арасындағы келісімшарт шеңберінде жұмыстардың орындалуына тұрақты бақылау жүргізілді. Жоспарланғандай, барлық жұмыстар 2012 жылдың қараша айында толықтай аяқталды. Нәтижесінде, «Дегелең» алаңы объектілерінде ядролық сынақтар жүргізу объектілеріндегі ядролық сынақтарға және «шетін» ақпаратқа рұқсатсыз (өнеркәсіптік құралдарды қолданбай) қол жеткізуге жол бермейтін сенімді қорғаныс тосқауылдары құрылды. Дегелең тау сілемінде орналасқан асуда «1996 – 2012. Әлем қауіпсіздігі арта түсті. Қазақстан, Ресей және Америка Құрама Штаттарының бірлескен жұмыстарынан естелік» деп үш тілде жазылған ескерткіш белгі орнатылды.
«Колба» контейнерлерін конверсиялау
Ядролық сынақтар тоқтатылған соң бұрынғы Семей сынақ полигонында ядролық сынақтар жүргізу технологиялары туралы «шетін» ақпараттан тұратын объектілер қалды. Мұндай объектілерге «Колба» контейнерлері, Дегелең тау сілемінің жекелеген штольнялары мен құрамында ядролық қызметтің дисперсиялық қалдықтары (ЯҚҚ) бар алаңдар, сондай-ақ сынақтардың тағы бір арнайы технологиялық жабдығы (АТЖ) мен аппаратуралық тіркеу кешендері жатады. Полигон аумағында шаруашылық қызмет, оның ішінде рұқсат етілмеген шаруашылық қызмет жүргізу «шетін» ақпаратқа қол жеткізу ықтималдығын айтарлықтай арттырды және Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың қағидаларын сақтау саласындағы тәртіп бұзушылыққа, сол сияқты радиациялық және ядролық терроризм қаупіне әкеп соғуы мүмкін болды.
«Колба» контейнерлерін жою жөніндегі екіжақты ынтымақтастық Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы «Бұрынғы Семей полигонының аумағында орналасқан «Колба» контейнерлері мен арнайы технологиялық жабдық туралы» 1997 жылғы 28 наурыздағы келісім («Колба» келісімі) аясында өтті. Келісімде бес сыналған (ЯҚҚ) және бір сыналмаған «Колба» контейнерлерімен және бұрынғы ССП аумағында орналасқан басқа АТЖ-мен жұмыстар кешенін жүргізу көзделді. Жұмыстарды жүргізу кезіндегі күзет іс-шараларын орындау, радиациялық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдері айқындалды. Жобаның негізгі мақсаттары:
«Колба» контейнерлері аса қауіпті жүктерді, соның ішінде жарылғыш, жоғары уытты және радиоактивті заттарды, ең жоғарғы қуаты 50 кг тринитротолуолға дейінгі жарылғыш заттардың рұқсат етілмеген жарылыс өнімдерінің герметикті көлемінде толық оқшауланған күйде тасымалдауға және сақтауға арналған «суперконтейнерлерге» жатады. Контейнерлер көліктік-тірек құрылғыларға бекітілген, қажет болған жағдайда олардан шешіп алуға болады. Контейнерлер бойынша әзірлеу, жобалау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды Бүкілресейлік эксперименттік физика ғылыми-зерттеу институтының (РФЯО-БЭФҒЗИ) мамандары орындады, бұл институттың өкілдері объектілерді консервациялау жұмыстарына тікелей қатысты.
Бұрынғы ССП аумағында РБШ және К-85 объектілеріндегі жер үстіндегі екі бетон құрылыста пайдаланылған үш «Колба» контейнері бар. Екі контейнерде радиоактивті заттарды пайдаланумен сынақтар өткізілді, олардың ішінде ядролық қызмет қалдықтары бар және де олар радиациялық қауіпті және таралу қаупін тударыда. «Таза» деп аталып жүрген бір контейнер 1999 жылы ЖЗ жарылысының әсеріне сыналды. Басқа үш контейнер 200АСМ объектісіне орналастырылды. ССП аумағында барлығы алты контейнер бар.
1997-2000 жылдары ҚР ҰЯО және РФЯО-БЭФҒЗИ ядролық полигон инфрақұрылымын жою шеңберінде контейнерлерді консервациялау бойынша жұмыстар жүргізді. РБШ және К-85 объектілерінде орналасқан контейнерлер тікелей жердегі бетон құрылыстарға бетондалды, ал құрылыстардың үстіне қосымша топырақ үйілді.
1998 жылы Дегелең тау сілеміндегі 200АСМ штольнясында пайдаланылған үш «Колба» контейнерін консервациялау (контейнерлерді гидрооқшаулау және штольняны бетон тығынмен бекіту үшін бетон тығындар салу) орындалды. Сыналған «Колба» контейнерлерін консервациялау кезінде қолданылатын техникалық шешімді таңдау РФЯО-БЭФҒЗИ мамандары жетілдіргеннен кейін контейнердің ұзақ уақыт бойы герметиктілікті сақтау қасиеттеріне негізделген. Жұмыстардың нәтижесінде және әзірленген жобаларға сәйкес «Колба» контейнерінің алтауы да консервацияланды.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024