21 қыркүйек 2017
МАГАТЭ-нің 61-ші Бас конференциясы аясында ҚР Ұлттық ядролық орталығы бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. Осылайша, 20 қыркүйекте JAEA-ден келген жапондық әріптестермен кездесу болып өтті.
Келіссөздер барысында 2015 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан EAGLE-3 жобасы бойынша бірлескен жұмыстардың табысты орындалуы атап көрсетілді. Жоба шеңберінде EAGLE-3 стендіндегі реактордан тыс эксперименттердің алғашқы сериясын өткізу аяқталды, 2017 жылғы шілдеде ID-5 реакторлық эксперименттік құрылғысының макетімен жүргізілген физикалық зерттеулер аяқталды.
Ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ҚР ҰЯО Fukuchima 1 АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға бағытталған жұмыстарға, аталған АЭС-тің реакторларын пайдаланудан шығару, сондай-ақ апаттан кейін радиоактивті ластанған аумақтарды оңалту бағытындағы жұмыстарға өзін қатыстыруды ұсынды.
Жапондық әріптестер радиоэкология саласында тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді, бұл салада ҚР ҰЯО жоғары нәтижелерге қол жеткізді, зерттеулердің бірегей тәжірибелерін жинақтады, жерасты және жерүсті суларымен радионуклидтердің миграциялануын зерделеуде үлкен дайындығы бар, аумақтардың радиоактивті ластану сипатын экспресс-бағалауға арналған жаяу гамма-спектрлік түсірудің бірегей әдісі әзірленді.
JAEA-мен уағдаластық шеңберінде 2017 жылғы 1–3 қараша аралығында Курчатов қаласында (Қазақстан) радиоэкология мәселелері бойынша семинар өткізіліп, онда жапондық және қазақстандық мамандар тәжірибе алмаспақ.
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024