19 қазан 2017
2017 жылғы 11 қазанда Астанада Азиядағы ядролық кооперация форумының министрлер деңгейіндегі 18-ші кеңесі болып өтті. Кеңестің ұйымдастырушысы ҚР Энергетика министрлігі, Жапонияның министрлер кабинеті және Жапонияның Атомдық-энергетикалық комиссиясы болып табылады.
Форум жұмысына Австралия, Бангладеш, Вьетнам, Индонезия, Қытай, Қазақстан, Малайзия, Монғолия, Таиланд, Филиппин және Жапония сияқты қатысушы 11 елдің министрліктері мен ведомстволарының жоғары лауазымды өкілдері қатысты. Мәжіліс ядролық технологияларды зерттеу, әзірлеу және пайдалану саласындағы саясат туралы, сондай-ақ оларды жүзеге асырудағы өңірлік ынтымақтастықтың рөлі туралы пікір алмасу алаңына айналды.
Азиядағы ядролық кооперация форумының министрлер деңгейіндегі 18-ші кеңесіне қатысушылар |
Кеңес тақырыбы – «Ядролық ғылым мен технологияларды қоршаған ортаны қорғау үшін қолдану».
Кеңесті ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев және Жапонияның Атомдық-энергетикалық комиссиясының төрағасы Ёшиаки Ока ашты.
ҚР Энергетика министрі |
Жапонияның Атомдық-энергетикалық комиссиясының төрағасы |
Форумды аша отырып ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «Қазақстан 2010 жылдан бастап форумның толық құқықты қатысушысы болып табылады. Форум қызметіне қатысу бізге радиология, радиациялық қауіпсіздік, ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы заманауи тәсілдермен, сондай-ақ электрондық үдеткіштер мен ядролық зерттеу реакторлары саласындағы озық технологиялармен танысуға мүмкіндік береді. Бұл біздің елімізде ядролық технологияларды қауіпсіз пайдалану және әлемде ядролық қару мен ядролық материалдарды таратпау режимін сақтау бойынша дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді» деп атап көрсетті.
Кеңес тақырыбы бойынша ҚР ҰЯО бас директоры Эрлан Батырбеков сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Қазақстанда ядролық технологияларды қоршаған ортаны қорғау үшін пайдалану бойынша ең маңызды мысалдар келтірді.
Профессор Эрлан Батырбеков, ҚР ҰЯО бас директоры |
Кеңесте қатысушы елдердің баяндамалары тыңдалды. Қатысушы елдердің өкілдері соңғы жылдары өз елдеріндегі ядролық ғылым мен технологиялар саласындағы саясат пен қызметте болған өзгерістер туралы мәліметтер келтіріп, мұндай технологияларды қоршаған ортаны қорғау үшін пайдалану саласындағы жетістіктер мен проблемаларды айтып өтті.
Форум қорытындысы бойынша коммюнике қабылданып, қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, медицина және ауыл шаруашылығы сияқты салаларға айрықша көңіл бөле отырып, Форумның ядролық ғылым мен технологияларды пайдалануға қатысты қызметін кеңейту және күшейту бағытында және де «мутациялық селекция», «радиациялық онкология», «климаттың өзгеруі» сияқты қолданыстағы жобаларға, сондай-ақ ядролық қауіпсіздік мәдениеті, физикалық қорғау жөніндегі болашақ жобаларға белсенді түрде қолдау көрсету бағытында жұмыс істеу туралы шешім қабылдады. Бұл әр елдің орнықты дамуына ықпал етуі тиіс.
Форум аяқталған соң Жапонияның Атомдық-энергетикалық комиссиясының төрағасы Ёшиаки Ока Курчатов қаласына келіп, ҚР Ұлттық ядролық орталығының объектілерін аралады.
22 қараша 2024
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024