30 мамыр 2022
Ұлттық ядролық орталықтың 30 жылдығына – 30 жоба!
№ 26 жоба. 2019-2022 жж. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АЭС САЛУДЫ НЕГІЗДЕУГЕ ТЭН ӘЗІРЛЕУ
2022 жылы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерім әзірленді, оның шеңберінде электр энергиясын өндіру мен тұтынудың болжамды мәндерін, жаңа генерациялаушы қуаттарды енгізудің қажетті көлемі мен құрылымын есептей отырып, энергетикалық кешенді дамытуды модельдеу орындалды.
Елдің энергия жүйесінің тұрақты жұмысы үшін базалық генерацияны енгізу қажеттілігі, белгіленген қуатты пайдалану коэффициентінің төмен көрсеткіші және ЖЭК генерациясының тұрақсыздығы, көміртегі бейтараптығының әлемдік күн тәртібі және Қазақстанның парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелері Қазақстанда қауіпсіз және тұрақты атом энергетикасын дамыту қажеттілігіне итермелейді. Осыған байланысты энергия теңгерімі дәстүрлі және ЖЭК қуаттарын өсірумен қатар, АЭС-тен генерацияны енгізу сценарийін қарастыруда.
Қазақстанда өз АЭС салу мәселесін зерделеу 2000-шы жылдары оның құрылысын негіздеуде техникалық-экономикалық зерттеулер жүргізу шеңберінде басталды.
2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мамандарының қатысуымен «Қазақстан Республикасында атом станциясын салудың техникалық-экономикалық негіздемесінің маркетингтік бөлімі» әзірленді. Жұмыс ядролық технологиялар қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығымен және «Energy System Researches» ЖШС-мен бірлесіп орындалды. Маркетингтік бөлімді әзірлеудің мақсаты АЭС-тің белгіленген қуатын, блоктардың бірлік қуатын, орналастыру ауданын айқындай отырып, сондай-ақ реакторлық технологияны таңдай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясының құрылысы мүмкін болатын жағдайларды айқындау болып табылады.
АЭС орналастырылатын әлеуетті аудандар ретінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Үлкен кенті және Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласы қарастырылды.
АЭС орналастырылатын қарастырылып отырған аудандар үшін табиғи (жер сілкінісі, вулкандар, су тасқыны) және антропогендік (өнеркәсіптік қауіпті объектілер, әуе кемесінің құлауы) әсерлерді қоса алғанда, ядролық қауіпсіздіктің әртүрлі аспектілері бойынша зерттеулер жүргізілді, сондай-ақ АЭС-тің қоршаған ортаға радиациялық әсерін бағалау жүргізілді.
Қоршаған ортаға (табиғатты қорғау, мәдени мұра) әсер ету және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға әсер ету (көлік инфрақұрылымы, салқындату суы, су көзінен су алатын жерге дейінгі арақашықтық, су қоймасына жіберілетін судың температурасы бойынша шектеу, авариялық жылу бұруды, электр беру желілерін қамтамасыз ету) бөлігінде жалпы қауіпсіздік аспектілері талданды.
Атом электр станцияларының экономикалық көрсеткіштерін анықтау мақсатында тікелей және жанама капитал салымдарын, отын шығындарын, пайдалану шығыстарын және техникалық қызмет көрсету шығыстарын талдау негізінде электр энергиясының әртүрлі көздерінің экономикалық тиімділігін салыстырмалы іздестіру жүргізілді. Электр энергиясының әртүрлі көздерін салыстыру критерийлерінің бірі қоршаған ортаға әсер ету деңгейі болды. АЭС және балама көздердің экологиялық қауіпсіздігін салыстырмалы бағалау электр энергиясын өндіру және өндіріс сатыларын қоса алғанда, әртүрлі отын циклдері кезіндегі атмосфералық шығарындылар деңгейі бойынша жүргізілді.
Қазақстанда қолдану үшін мүмкін болатын реакторлардың жобаларын бағалау АЭС қауіпсіздігіне қойылатын халықаралық талаптарды, атом станцияларының техникалық, экономикалық және қаржылық көрсеткіштері мен сипаттамаларын ескеретін 20 әртүрлі критерийден тұратын әзірленген жинақ негізінде жүргізілді. Критерийлердің бірі қарастырылып отырған технологияның референттілігінің болуына қойылатын талап болды. Ядролық технологияларды бағалау кезінде қосымша критерийлер ретінде технологияларды берумен, ҚР аумағында отын өндіруді ұйымдастыру мүмкіндігімен, РАҚ және ПЯО-мен жұмыс істеумен, персоналды оқытумен байланысты мәселелер, сондай-ақ қаржыландырудың ықтимал көздері мен схемалары, АЭС салу кезінде оқшаулау пайызы және т. б. мәселелер қарастырылды. Әзірленген критерийлер сандық, сол сияқты сапалық көрсеткіштермен бағаланды.
Реактордың қолайлы типі ретінде қуаты 600-ден 1200 МВт-қа дейін III және III+ буынды сумен жұмыс істейтін су реакторы таңдап алынды.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде АЭС ТЭН маркетингтік бөлімінің материалдары АЭС салу бойынша шешімді одан әрі әзірлеу үшін ҚР Энергетика министрлігіне ұсынылды.
2021 жылдың соңында Қазақстанда атом энергетикасын құру мүмкіндігін жан-жақты зерделеу міндеті айтылған Республикасы Президентінің Жолдауының қорытындысы бойынша Қазақстанда АЭС орналастыру ауданын негіздеуге қазіргі заманғы мәліметтер алу бөлігінде ТЭН-нің маркетингтік бөлімін өзектендіру жұмысына бастама жасалды.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024