19 қазан 2017
2017 жылғы 18 қазанда ИВГ.1М реакторын конверсиялау бағдарламасы шеңберінде актив аймақ құрамындағы төмен байытылған отындағы сумен салқындатылатын екі эксперименттік технологиялық арнаны (ССТА-ТБУ) кешенді сынауды іске қосу сериясынан бірінші рет ИВГ.1М реакторы ойдағыдай іске қосылды.
Іске қосу кезінде реактор 6 МВт қуат деңгейіне шығарылып, осы қуатта 5 сағат 35 минут бойы жұмыс істеді, бұл эксперименттік екі ССТА-ТБУ кешенді сынақтарын жоспарлау кезінде реактордың осы қуатта жұмыс істеуі үшін есептелген уақытқа сәйкес келеді.
Жүзеге асырылған іске қосу маңызды жаңа кезеңнің – ИВГ.1М реакторының уран-235 бойынша төмен (20 %-дан аз) байытылған перспективалық отындағы сумен салқындатылатын технологиялық арналарының (ССТА) эксперименттік үлгілерінің реактор ішілік ресурстық сынақтарының басталғандығын білдіреді.
Іске қосуға ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Тимур Жантікин, Нельсон Ханан және Питер Гарнер (АҚШ), Шамиль Тухватулин (Ресей) қатысты.
Барлық жүйелердің штаттық режимде жұмыс істегені атап көрсетілді. ИВГ.1М реакторы ССТА-ТБУ кешенді сынақтарын іске қосу легін жалғастыруға дайын.
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024