09 қыркүйек 2022
Гүлістан қаласында (Тәжікстан Республикасы, Соғды облысы) Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының химиялық, биологиялық, радиациялық және ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық агенттігінің, Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың, Тәжікстан WiN (Women in Nuclear) ұлттық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Ғылымды, инновациялар мен технологияларды дамытудағы ғалым әйелдердің рөлі» атты ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Аталған конференция ядролық және радиациялық қауіпсіздік, биоқауіпсіздік, химия, биология, медицина, физика, экология және басқа да салалардағы гендерлік теңдікке ұмтылу және жаһандық ғылыми және технологиялық инновацияларға әйелдердің тең үлес қосуын талқылау үшін Орталық Азия мен әлемнің 100-ге жуық ғалым әйелдерінің басын қосты.
Конференцияда ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының биодозиметрлік зерттеулер зертханасының бастығы, медицина ғылымдарының кандидаты, радиобиолог Лаура Кенжина «Орталық Азиядағы радиациялық/ядролық төтенше жағдайларға әзірлікті күшейту және ден қою үшін Қазақстандағы биологиялық цитогенетикалық дозиметрияның даму перспективалары» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды. Баяндаманың өзектілігі «Тақырыпты кәсіби ашу» («The relevance of the topic») номинациясындағы жеңісімен атап өтіліп, қатысушылар төтенше радиациялық/ядролық жағдай кезінде өңір елдерін біріктіретін Орталық Азия биодозиметрлік желісін құру жөніндегі бастаманы бірауыздан қолдады.
Ықтимал аталған ынтымақтастық ауқымды және трансшекаралық сипаттағы төтенше радиологиялық жағдайлардың алдын алу, оларға әзірлікті арттыру және ден қою, Орталық Азияны тұрақтандырудың келісілген күш-жігеріне биологиялық дозиметрия саласындағы практикалық шараларды және/немесе жобаларды іске асыру мақсатында өңірлік ынтымақтастықтың тұрақты тетіктерін құруға ықпал ететін болады.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024