29 қыркүйек 2022
ҚР ҰЯО РМК бас директоры Эрлан Батырбеков Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Ж.Д. Нұрмағанбетов бастаған қазақстандық делегация құрамында МАГАТЭ Бас конференциясының 66-шы сессиясына қатысты.
Қатысу бағдарламасына сәйкес әлемнің түрлі елдерінде атом саласын танытатын мемлекеттік органдардың, реттеушілер мен ұйымдардың өкілдерімен бірқатар нәтижелі кездесулер өткізілді.
Атап айтқанда Корея Республикасының делегациясымен Кореяның Атом-энергетикалық зерттеу институтымен (KAERI) екі жақты ғылыми-техникалық ынтымақтастықты ілгерілету мәселелері талқыланды. FIRST бағдарламасы бойынша АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау бюросының өкілдерімен шағын модульдік энергетикалық реакторларды (SMR) дамытуға және осы тақырып бойынша FIRST бағдарламасының ерекшеліктеріне қатысты әңгіме жүргізілді. Үндістанның Атом энергиясы жөніндегі комиссиясының өкілдерімен Үндістанның Ядролық энергетикалық әріптестік жөніндегі жаһандық орталығы мен ҚР ҰЯО арасындағы ынтымақтастыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру мәселелері талқыланды.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024