14 қазан 2022
ҚР Ұлттық ядролық орталығында Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының Дайындық комиссиясының Б жұмыс тобының жетекші мамандарының қатысуымен техникалық кеңес өткізілді. Қатысушылар ЯСЖТШҰ-ға техникалық қолдау көрсету мәселелерін талқылап, ҚР ҰЯО-ның бірқатар объектілеріне барып қайтты.
Солардың бірі – Алматыда орналасқан Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығы (АСАЖӨО). АСАЖӨО жыл сайын жер сілкіністері мен өндірістік жарылыстарды қоса алғанда 15 000 – 20 000 оқиғаны қамтитын сейсмикалық бюллетеньдер шығарады. Бұл бюллетеньдер Қазақстанда сейсмикалық қауіптілікті бағалау, техногендік сейсмикалықты мониторингілеу, сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ерте хабарлау жүйелерін әзірлеу және басқа да міндеттерді орындау үшін кеңінен қолданылады. Веб-сайтта (www.kndc.kz) жедел режимде тіркелетін оқиғалар туралы деректер ұсынылады. Осы веб-сайт арқылы ақпараттық ресурстарға деген сұраныс соңғы 5 жылда 15 есе өсті. Нәтижесінде ЯСЖТШҰ-ның Халықаралық деректер орталығы қазақстандық станциялар мен Деректер орталығынан сейсмикалық оқиғалар туралы жан-жақты ақпарат алады. КХДР-да жүргізілген барлық ядролық жарылыстар, Орталық және Оңтүстік Азия аудандарындағы жабық емес ядролық полигондар маңындағы оқиғалар, әлемдегі қатты жер сілкіністері, Қазақстан аумағындағы сейсмикалық және инфрадыбыстық оқиғалар тіркелді.
Курчатов қаласына сапар барысында қатысушылар ССП тарихының экспозициялық залын, «Тәжірибе алаңы» объектісін, ИГР және ИВГ.1М зерттеу реакторларын, зертханаларды, инфрадыбыстық, сейсмикалық және радионуклидтік станцияларды, КТМ токамагын аралап қайтты.
Сапар барысында ЯСЖТШҰ-ға қолдау көрсету мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстардың, Семей сынақ полигонында ядролық қаруды сынау инфрақұрылымын және сынақтардың салдарын жою жөніндегі қызмет нәтижелерінің, радиоэкологиялық зерттеулердің, азаматтық секторда жоғары байытылған уранды пайдалануды барынша азайтудың жоғары деңгейі атап көрсетілді.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024