14 қазан 2022
ҚР Ұлттық ядролық орталығының мамандары Орталық Азия өңіріндегі ядролық материалдар контрабандасына қарсы күрес мәселелері жөніндегі конференцияға қатысты. Конференция 2022 жылғы 11-13 қазан аралығында Самарқандта (Өзбекстан) өтті және оны Өзбекстан Республикасының Кеден комитеті АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігімен (DOE/NNSA) бірлесіп ұйымдастырды.
Қатысушылар қатарына кеден және шекара қызметтерінің, құқық қорғау органдарының және қауіпсіздікті қамтамасыз ету органдарының өкілдері, сондай-ақ криминалистикалық сараптама жүргізуге жәрдемдесетін ғылыми ұйымдардың, Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның және Түрікменстанның өкілдері кірді.
Конференция барысында қауіпті материалдарға қол жетімкізімділіктің өзекті проблемасын, жаһандық контрабанда схемаларын және үнемі күшейіп келе жатқан террористік қатерді ескере отырып, Орталық Азия өңірінде ядролық контрабанданың өсіп келе жатқан тәуекелдері мен қатерлерінің перспективалары белгіленді, сондай-ақ ядролық контрабандаға қарсы іс-қимыл жөніндегі конференцияға қатысушы елдердің озық тәжірибелерімен алмасу өтті.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024