18 қазан 2022
ҚР Ұлттық ядролық орталығында Battelle Energy Alliance LLC (BEA, LLC, АҚШ) өкілдерінің қатысуымен ҚР ҰЯО-да әзірленген ИГР реакторының сәулеленген уран-графит отынын сұйылту және иммобилизациялау технологиясын пысықтау бойынша толық масштабты екі эксперимент жүргізілді.
Эксперименттердің мақсаты ұшпа күл мен портландцемент негізінде матрицаны алу режимдерін пысықтау болды. Бұл ретте матрицаның қасиеттері физикалық-механикалық қасиеттері мен сақтау ортасының өзгеруі жағдайындағы тұрақтылық бойынша қажетті сипаттамаларға сәйкес келуі тиіс.
Бірінші эксперимент әдістемелік сипатта болды – матрицаның компоненттерін араластыру режимдері пысықталды. Екінші экспериментте ИГР реакторының жаңа, төмен байытылған уран-графит отынын қолдана отырып сұйылту және иммобилизациялау технологиясы пысықталды. Алынған матрицаның жарамдылық критерийлеріне сәйкестігін (беріктігі, құрылымның біркелкілігі, матрицаның көлемі бойынша отынның біркелкі таралуы және басқалары) тексеру кейінгі материалтану зерттеулерінде орындалады.
Эксперименттер қорытындысы бойынша RRRFR бағдарламасының (Ресей отынын қайтару бағдарламасы) басшысымен онлайн режимде техникалық кеңестер өтті.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024