22 қазан 2022
ҚР Ұлттық ядролық орталығы 2022 жылғы 9-15 қазан аралығында Португалияның Эшторил қаласында өткен Еуропалық радиациялық қорғау апталығының (ERPW 2022) жұмысына қатысты.
Еуропалық радиациялық қорғау апталығы – сарапшылардың радиациялық қорғау, биологиялық дозиметрия, төтенше жағдайларға дайындық және ден қою, сәулелену дозасының медициналық және кәсіби мониторингі саласындағы өзекті және жаңа тақырыптарды, пәнаралық мәселелерді қарастыруға арналған жыл сайынғы үлкен жиналысы.
Қазақстанның Еуропалық зерттеу платформаларына кірігуі, радиациялық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарын үйлестіру әртүрлі елдердің ғылыми-зерттеу институттары арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасуға, сәулелену дозасын биологиялық индикациялау саласында жаңа ынтымақтастық жүргізуге ықпал етеді.
Ғылыми бағдарлама ESPW 2022 сессияларын, бірнеше семинарды (EURADOS, NERIS, ICRP, EUROMED және т.б.), арнайы сессияларды, оқу құралдарын/дәрістерді, GA платформалары және басқа да жұмыс кездесулерін қамтыды.
ҚР ҰЯО РМК РМК РҚЭИ филиалының биодозиметрлік зерттеулер зертханасының бастығы Лаура Кенжинаның полигонда жұмыс істейтін адамдардың және іргелес аумақтарда тұратын тұрғындардың жеке сіңірілген дозасын сандық бағалау саласындағы пилоттық зерттеулер туралы баяндамасы үлкен қызығушылық пен ұсыныстар тудырды.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024