Құрметті Ұлттық ядролық орталық қызметкерлері! Қымбатты әріптестер!


30 қараша 2017

Мемлекеттік мерекеміз – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!   

Бұл табысты әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы Қазақстан халқының тарихи таңдауы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты мереке!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – біртуар мемлекеттік әрі саяси тұлға. Оның басшылық етуімен Қазақстан тұрақты дамыған экономикасы, толерантты қоғамы бар мықты мемлекетке айналды.

Осы мереке күні сізге және сіздердің отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық және бақыт тілеймін! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы дамып, нығайып, гүлдене берсін! Барлық бастамаларымыз жемісті, болашағымыз жарқын болсын!

 

Эрлан Батырбеков,

ҚР ҰЯО РМК бас директоры

поздравления