26 сәуір 2023
ҚР ҰЯО РМК қызметкерлерінің ғылыми конференцияларға тұрақты қатысуы әртүрлі елдердің ұйымдары арасында байланыс орнатуға, жас ғалымдарымыздың білім деңгейін арттыруға, ғылыми зерттеу жүргізу тәжірибесімен алмасуға ықпал етеді. Кәсіпорын мамандары жақын және алыс шет елдерден келген (Беларусь, Армения, Қазақстан, Әзірбайжан, Қытай және Бангладеш) 210-нан астам адамның қатысуымен МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің Обнинск атом энергетикасы институтында ұйымдастырылған «Техногендік жүйелер және экологиялық тәуекел» атты V Халықаралық (XVIII өңірлік) ғылыми конференциясының жұмысына қатысты.
Конференцияның ғылыми қызығушылық саласы дәстүрлі түрде адам өмір сүретін ортадағы техногендік факторларды зерттеумен, осы факторлардың адамға және табиғи жүйелерге әсерін бағалаумен, қарқынды техникалық прогресс жағдайында биосфераның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, өнеркәсіпте, фармацевтикада, ауыл шаруашылығында, атом энергетикасында және ядролық технологияларда жоғары технологиялық бағыттарды дамытумен байланысты өзекті ғылыми проблемаларды көрсетті.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024