19 мамыр 2023
2023 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының ИВГ.1М зерттеу реакторы конверсиялау және барлық рұқсат беру құжаттарын ресімдеу жұмыстары аяқталғаннан кейін төмен байытылған уран (ТБУ) отынымен жұмыс істей бастады. Реактор берілген қуат деңгейіне шығарылып, реактор қондырғысының барлық жүйелері штаттық режимде жұмыс істеді.
Сәтті өткізілген «жұмыс» режиміндегі алғашқы іске қосу қорытындысы бойынша ҚР Энергетика министрлігінің, Канаданың Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алан Хэмсон мырзаның, АҚШ-тың Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің конверсия жөніндегі кеңсесінің директоры Кристофер Ландерстің, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі өкілдерінің, Қазақстан мен АҚШ-тың ғылыми ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «ТБУ отынындағы ИВГ.1М реакторын энергетикалық іске қосу: жетістіктері мен келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Анықтама.
2010 жылдан бастап Қазақстан мен АҚШ мамандары үлкен жұмыс көлемін орындады: реактордың жаңа актив аймақпен жұмыс істеу мүмкіндігінің есептік-талдамалық негіздемесі; эксперименттік отынды дайындау және сынау; штаттық НОУ-отынды дайындау, тасымалдау және кіріс бақылау; реакторды физикалық және энергетикалық іске қосу кезеңдері жүзеге асырылды.
ИВГ.1М реакторы жетекші халықаралық ұйымдар қызығушылық білдіріп отырған бейбіт атом саласындағы бюджеттік және коммерциялық бағдарламалар шеңберінде эксперименттерді жалғастыруға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қайта бастауға дайын.
Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық ядролық орталығы АҚШ-тың Аргонн ұлттық зертханасымен бірлесіп ИГР ректорын төмен байытылған отынға ауыстыру мүмкіндігін зерттеуді жалғастыруда. Қазірдің өзінде Үлбі металлургия зауытында ИГР реакторының жаңа ЖБУ-отынын сұйылту жұмыстары орындалып, осы реактордың сәулеленген ЖБУ-отыны үшін осындай міндетті жүзеге асыруға дайындық жүргізіліп жатыр.
30 желтоксан 2024
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024