26 қыркүйек 2023
2023 жылғы 25 қыркүйекте МАГАТЭ Бас конференциясының 67-сессиясы аясында АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды.
Мәлімдемеде:
Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы арасындағы Қазақстандағы жоғары байытылған уран (ЖБУ) қорын барынша азайту жөніндегі көп жылғы жемісті ынтымақтастықтың нәтижесінде 2023 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының ИВГ.1М зерттеу реакторын төмен байытылған отынға ауыстырудың сәтті аяқталғандығы туралы,
тараптардың ИВГ.1М реакторының пайдаланылған ЖБУ-отынын қауіпсіз сақтау және түпкілікті сұйылту жөніндегі ынтымақтастықты жалғастыру, ядролық қаруды азайту және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту бойынша күш- жігерді қолдау ниеті туралы,
ҚР ҰЯО мамандары әзірлеген бірегей технологияны пайдалана отырып, 2027 жылы қазақстандық импульстік графит реакторының (ИГР) сәулеленген отынын сұйылту мен иммобилизациялауды аяқтау, зерттеуді жалғастыруға және сонымен қатар таратпаудың өзара мақсаттарын көздеуге мүмкіндік беретін ИГР реакторын ТБУ-отынға ауыстыру жөніндегі балама шешімді айқындау үшін жол картасын әзірлеу ниеті туралы айтылған.
МАГАТЭ Бас конференциясы аясында осындай бірлескен мәлімдемелерге бұған дейін де, атап айтқанда, 2019 және 2020 жылдары қол қойылды және Қазақстан мен АҚШ делегацияларының екіжақты кездесуін өткізу шеңберінде жақсы дәстүрге айналды. Бұдан да бұрын, Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік саммиті шеңберінде, яғни 2016 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың қазақстандық ВВР-К реакторын конверсиялаудың сәтті аяқталуы туралы, тараптардың ядролық қаруды таратпау режимін нығайту және ядролық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі практикалық шараларды іске асыру бөлігіндегі басқа да жетістіктері мен күш-жігері туралы бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды.
Анықтама. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында екі зерттеу реакторын – ИВГ.1М және ИГР реакторларын конверсиялау бойынша ауқымды жоба іске асырылып жатыр.
Жоба АҚШ DOE және Аргонн ұлттық зертханасының қолдауымен жүзеге асырылады.
Басты мақсаты – ИВГ.1М және ИГР реакторларының отынын байытуды U-235 (уран-235) бойынша 90% - дан 19,75% - ға дейінгі азайту.
2022 жылы конструкцияға оншалықты араласусыз реактивтілік қорын 2 есе арттыра отырып, ИВГ.1М реакторының актив аймағын төмен байытылған уран (ТБУ) отынына ауыстыру аяқталды. Конверсиялау және барлық рұқсат құжаттарын ресімдеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ИВГ.1М зерттеу реакторы 2023 жылғы 18 мамырда өз жұмысын бастады. Реактор белгіленген қуат деңгейіне шығарылып, реактор қондырғысының барлық жүйесі штаттық режимде жұмыс істеді. Бұл – Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау режимін нығайту ісіндегі кезекті маңызды жетістігі. Қазіргі уақытта ИВГ.1М реакторы бейбіт атом саласындағы бюджеттік және коммерциялық бағдарламалар шеңберінде жетекші халықаралық ұйымдар қызығушылық білдіріп отырған эксперименттерді жалғастыруға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қайта б
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024