16 ақпан 2024
ҚР Ұлттық ядролық орталығы 2023 жылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (БНҚ) шеңберінде «Сейсмикалық және инфрадыбыстық деректер бойынша Тянь-Шань ауқымды мұздықтарының еру процесін көрсететін мұз сілкіністерінің көрініс табу режиміне климаттық өзгерістердің әсерін бағалау» бойынша жұмысты бастады.
Соңғы жылдары әлемде сейсмология саласындағы жаңа зерттеу саласы – криосейсмология қарқынды дамып келеді. Сейсмикалық бақылау жүргізу температура мен басқа да климаттық өзгерістерге байланысты мұздағы әртүрлі процестерді, мұздықтардың қозғалысын, жарықшақтардың белсенділік параметрлерінің өзгеруін қадағалауға мүмкіндік береді.
2023 жылдың соңында Тянь-Шань биіктігіндегі Энгильчек мұздығына жақын сейсмикалық және инфрадыбыстық станциялары орнатылатын жерді таңдау және мұздықтағы процестермен байланысты оқиғаларды тіркеу мүмкіндіктерін зерттеу бойынша алдын ала барлау жұмыстары жүргізілді.
Таңдалған учаскелерде далалық аспаптық сейсмикалық және инфрадыбыстық зерттеулер жүргізу үшін бұған дейін Қазақстанның түрлі өңірлерінде жүргізілген жұмыстар кезінде сенімді әрі тиімді деп танылған заманауи далалық жабдықтар жиынтығы пайдаланылды. Қалжат, Сумбе, Баянкөл нүктелерінде, мұздыққа дейін 56–170 км қашықтықта оқиғалар тіркелді.
Алынған далалық жазбалар ҚР ҰЯО-ның Деректер орталығында өңдеуден өткізілді. Барлық үш станцияда күн сайын бірнеше оқиға жазылады, олардың эпицентрлері мұздықта орналасқан.
Қазіргі уақытта барлық далалық материалды өңдеу аяқталды. Мұздықтағы 33 оқиғаның параметрлері, олардың магнитудасы мен энергиясы анықталды.
Алдын ала барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша 2024 жылы басталатын мұздық жер сілкіністерін ұзақ уақыт бойы тіркеу аппаратурасы орнатылатын нақты жерлер таңдап алынды.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024