19 ақпан 2024
ҚР Ұлттық ядролық орталығында Францияның Атом энергиясы және баламалы энергия көздері жөніндегі комиссариатымен ынтымақтастықта SAIGA жобасы іске асырылып жатыр. Жобаның мақсаты – шапшаң нейтрондардағы франциялық ASTRID реакторының отын жинағының ауыр авария кезіндегі жай-күйін зерделеу.
ИГР реакторында жылу бөлетін жинақты ішінара балқытумен бірегей эксперимент өткізуге дайындық жүргізілуде. Арнайы осы эксперимент үшін ҚР ҰЯО күрделі реакторішілік эксперименттік құрылғы мен тұзақты натрий тізбегін әзірлеп жатыр.
Қазіргі уақытта жоба аясында бірқатар дайындық іс-шарасы сәтті жүзеге асырылды. Осы жылы тұзақты натрий контурын жасау және оны қабылдау-тапсыру сынақтарын жүргізу, реакторішілік эксперименттік құрылғының бөлшектері мен жинақтау бірліктерін дайындау, оны құрастыру жоспарланған. Эксперименттің өзі 2025 жылдың екінші жартысына жоспарланған.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024