«Жас ғалымдар саммиті – 2024» іс-шарасына қатысу


18 сәуір 2024

 

 

ҚР Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдары Astana it University негізінде ұйымдастырылған «Жас ғалымдар саммиті – 2024» іс-шарасына қатысты.

Жыл сайынғы бұл іс-шара Қазақстан Республикасының әртүрлі ғылым саласындағы дарынды жас ғалымдарының басын қосып, ғылыми-технологиялық жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеу, идеялармен алмасу және еліміздің ғылымын дамыту мәселелерін талқылау платформасына айналды.

Саммиттің бірінші бөлімі интерактивті сұрақ-жауап сессиясы форматында өткізілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөзімен ашты. Спикерлер ретінде ҚР ҒЖБМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің бірінші құрамының қатысушылары сөз сөйледі. Қысқаша сөз сөйлегеннен кейін конкурстық өтінімдер мен есептерге сараптама жүргізу мерзімдері; жобаларды коммерцияландыру және бизнес-инвесторларды тарту мәселелері; конкурстық өтінімдерді дайындау және ұсыну сапасы; постдокторантура шеңберінде жас ғалымдардың даму мүмкіндіктері; ұрпақтар сабақтастығы; шетелдік ғалымдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ағылшын тілін үйрену маңыздылығы және т.б. талқыланды. Сонымен қатар саммит барысында қатысушыларға Ғылым комитетінің, Ғылым қорының және Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының өкілдеріне сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді.

Іс-шара соңында ҚР ҒЖБМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің кезекті (үшінші) құрамы жарияланды.  

Саммиттің екінші бөлімі Түркістан қаласында 25 және 26 сәуірде Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен серіктестікте өтеді және воркшоптарды, нетворкингпен жас ғалымдардың жобаларының тұсаукесерін өткізуді және Жапониядан келген сарапшылармен кездесу өткізуді қамтиды. Тақырыпқа пәнаралық ынтымақтастық, халықаралық ынтымақтастық, жасанды интеллект және ғарыш, климаттың өзгеруі, денсаулық сақтау және медицина, ғылым мен өнеркәсіптің ынтымақтастығы, сондай-ақ ғылым мен технологияның болашақ даму трендтері кіреді.

молодые ученые и специалисты ИАЭ РГП НЯЦ РК популяризация науки и атомной отрасли саммит министр науки и высшего образования Республики Казахстан Совет молодых ученых при МНВО РК развитие науки и технологий