19 маусым 2024
2024 жылғы 17-18 маусымда Германияның Дрезден қаласында ҚР Ұлттық ядролық орталығы, АҚШ-тың Айдахо және Ок-Ридж ұлттық зертханалары және «Izotope Technology Dresden» неміс фирмасы мамандарының жұмыс кездесуі болып өтті, оның шеңберінде ыстық камераны дайындап, Қазақстанға жеткізудің техникалық мәселесі талқыланды.
Камера ИГР зерттеу реакторының бірінші актив аймағының жоғары байытылған пайдаланылған ядролық отынын қайта қаптау және қайта өңдеу жұмыстарын орындауға мүмкіндік береді.
Анықтама. ИГР реакторы біртекті уран-графит актив аймағы бар жылу нейтрондарындағы ядролық зерттеу реакторлар класына жатады, бағдарламаланатын қуат импульстары режимінде жұмыс істейді және импульсті сөндіру қағидаты бойынша өзін-өзі сөндіреді.
Жоғары интегралдық қуатты импульстік реакторлардың ішінде ИГР реакторының нейтрон ағынының тығыздығы ең жоғары.
ИГР реакторында жүргізілетін эксперименттік зерттеулер мен сынақтар ядролық энергетикалық қондырғылардың жүйелері мен элементтерінің қауіпсіздігін негіздеу үшін ядролық реакторлардағы жылдам болатын физикалық және жылу процестері, зерттелетін объектілердің қалыпты және авариялық пайдалану жағдайындағы жұмыс қабілеттілігі, отынның және конструкциялық материалдардың жай-күйі туралы ақпарат алумен байланысты.
Қазіргі уақытта ҚР ҰЯО эксперименттік базасында ИГР реакторының бірінші актив аймағының сәулеленген ЖБУ отынын сұйылтуға және кәдеге жаратуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР ҰЯО ИГР реакторының ЖБУ отынын құрғақтай араластыру әдісімен сұйылту бойынша өз технологиясын жасап шығарды және сәулеленген графит ЖБУ отынын сұйылту және иммобилизациялау технологиясының әлем бойынша жалғыз әзірлеушісі және иелік етушісі болып саналады.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024