26 қыркүйек 2024
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалы директорының материалтану зерттеулері жөніндегі орынбасары Қоянбаев Ерболат Тайтөлеуұлы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Ұзақ уақыт термиялық әсер ету нәтижесінде аустенитті болаттың радиациялық-индукцияланған құрылымы мен қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады.
Диссертация Томск политехникалық ұлттық зерттеу университеті (Ресей, Томск қ.) жанындағы диссертациялық кеңес отырысында қорғалды.
Әріптесімізді техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесінің берілуімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табысқа кенеліп, жаңа жетістіктерге жетуіңізге тілектеспіз!
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024