27 қыркүйек 2024
Құрметті әріптестер!
Атом саласының қызметкерлері күні кәсіби мерекесімен баршаңызды құттықтаймын!
Бұл күн – әрдайым жаңашылдық пен жетістікке ұмтылатын, өз ісіне адал жандардың мерекесі!
Атом саласындағы жетістіктер еліміздің табыстылығын, атом энергетикасы шешуші рөл атқаратын болашақ өмірде лайықты орын алуға деген ұмтылысын растайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арналған жолдауында біздің сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтаж екенімізді атап көрсетіп, атом энергетикасының дамуына барынша назар аударуға шақырып, оны дамытудың маңыздылығын тағы да айтып өтті.
Бұл бағытты жүзеге асыру үшін, әрине, ғылыми зерттеулерді белсенді түрде жүргізу және дамыту, ғылыми-технологиялық база құру қажет, онсыз мұндай жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін саланың қарқынды дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес.
Осы орайда атом саласын дамытуға ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен оның филиалдары зор үлес қосып жатқанына ерекше қуаныштымын.
Құрметті әріптестер!
Бүгін біз алғашқы АЭС салу туралы шешім қабылдау қарсаңында тұрмыз. Әрине, мұндай шешім жалпыұлттық референдум өткізілгеннен кейін ғана қабылданады.
Дұрыс таңдау жасаймыз деп сенемін!
Біздің елімізде қажетті білім мен тәжірибе, отын-ресурстық база, дамыған ядролық инфрақұрылым, айтарлықтай ғылыми-техникалық әлеует пен кадр ресурсы бар, осының барлығы өзіміздің атом-энергетикалық бағдарламамызды дамытуға үлкен мүмкіндік береді.
Біз бейбіт атомның дамуын қолдаймыз!
Мерекеміз құтты болсын!
Сіздерге және туған-туыстарыңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, жалынды жігер және көздеген мақсаттарыңызға жете берулеріңізді тілеймін!
Қазақстанның атом саласы өркендей берсін!
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024
16 қазан 2024