31 қазан 2024
Курчатов қаласында Францияның Атом энергиясы және баламалы энергия көздері жөніндегі комиссариаты (СЕА) мен ҚР Ұлттық ядролық орталығының (ҚР ҰЯО) мамандары арасында SAIGA халықаралық жобасын жүзеге асыру мәселесі бойынша техникалық кездесу өткізілді.
Күн тәртібінің негізгі мәселесі тұзақтық натрий контурын жасау жұмысының жай-күйін талқылау, жергілікті өлшеу жүйелерімен, атап айтқанда, температура мен нейтрон ағынын өлшеудің талшықты-оптикалық жүйесімен, эксперименттік құрылғының жылу бөлетін элементтерін жасау және құрастырумен байланысты техникалық мәселелерді шешу болды.
Экспериментті жүргізу қауіпсіздігі мәселесіне көп көңіл бөлінді, оны талқылау барысында ҚР ҰЯО командасы жылу-физикалық есептеу нәтижесімен таныстырып, авария болған жағдайдағы эксперимент сценарийінің негізделген өз нұсқасын ұсынды.
Сонымен қатар жобаны орындау үшін қажетті жабдықтарды Франциядан Қазақстанға жеткізу мәселесі талқыланды. Кездесу соңында жоспарлау және есеп беру кезеңдеріне түзету енгізілді.
Жалпы, кездесу жоғары техникалық деңгейде өтті.
Қорытындысы бойынша хаттама шығарылып, тараптар жобаны одан әрі іске асыру туралы уағдаласты.
30 желтоксан 2024
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024