Құттықтаймыз!


27 қараша 2024

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Эрлан Батырбеков Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайланды. Тиісті шешім Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясы академиктерінің жалпы жиналысында қабылданды.

Бұл оның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға қолдау көрсету бойынша көп жылдық қажырлы ғылыми қызметінің нәтижесіне берілген жоғары баға болып саналады.

Эрлан Ғаділетұлын кезекті марапатымен құттықтай отырып, еңбегіне мол табыс, қызықты жобалар, ғылымды дамыту жолында ұзақ та жемісті қызмет тілейміз!

награждение