10 сәуір 2025
Сәуірдің 1-і мен 5-і аралығында Айдахо ұлттық зертханасы (INL, АҚШ), Ок-Ридж ұлттық зертханасы (ORNL, АҚШ) және Siebtechnik компаниясының (Германия) өкілдері Ұлттық ядролық орталықта болып қайтты.
Сапар шеңберінде ИГР зерттеу реакторының сәулеленген жоғары байытылған уран (ЖБУ) отынын сұйылту және иммобилизациялау жөніндегі технологиялық желінің бөлігі болып саналатын ұнтақтау жүйесін іске қосу-баптау бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілді.
Сондай-ақ ИВГ.1М реакторының пайдаланылған отынын шахта үлгісіндегі қоймаға әкетуге дайындық мәселелері талқыланды.
Бұл сапар елдер арасындағы біліктілік пен үйлестірудің жоғары деңгейін көрсететін ядролық қауіпсіздік пен технология саласындағы жемісті халықаралық ынтымақтастықтың үлгісі болды.
14 сәуір 2025
10 сәуір 2025
02 сәуір 2025
02 сәуір 2025