14 сәуір 2025
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының эксперименттік жылу физикасы зертханасының бастығы Бекмулдин Мақсат Қуатбекұлы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы диссертациялық кеңес отырысында «8D05302 – Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Жеңіл сулы ядролық реактордың модельдік кориумының Al₂O₃-пен – балқыма тұтқыштың қайнаған қорғасын қабатты қорғау материалымен өзара әрекеттесуін эксперименттік модельдеу» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады.
Диссертациялық жұмыс «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК негізінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің техникалық физика және жылу энергетикасы кафедрасымен бірлесіп орындалды.
Әріптесімізді философия докторы (PhD) дәрежесінің берілуімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістік, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз.
15 сәуір 2025
10 сәуір 2025
10 сәуір 2025
02 сәуір 2025