15 сәуір 2025
2025 жылғы 11-12 сәуірде М. В. Ломоносов атындағы ММУ-дің қазақстандық филиалында студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ломоносов – 2025» XX Халықаралық ғылыми конференциясы өткізілді.
«Қазақстан Республикасының өңірлері мен қалаларын дамытудың геоэкологиялық мәселелері» секциясы шеңберінде ҚР Ұлттық ядролық орталығының жас мамандары «Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту» және «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламалары шеңберінде орындалған өз зерттеулерінің нәтижесін ұсынды.
«Ломоносов – 2025» конференциясына қатысу ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдарына өз зерттеулерінің нәтижесін көпшілікке ұсынып қана қоймай, әртүрлі ғылыми мекемелердегі әріптестерімен жаңа байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Алынған білім мен тәжірибе алдағы зерттеулерде пайдаланылмақ.
14 сәуір 2025
10 сәуір 2025
10 сәуір 2025
02 сәуір 2025