02 ақпан 2018
Өскеменде Қазақстандағы алғашқы Халықаралық жоғары техникалық мектеп өз жұмысын бастады. Білім беру орталығы атом саласына арналған кадрлар ұстаханасы бола алады. Айта кетейік, атом саласы үшін мамандар даярлау мәселесі біздің еліміз үшін өзекті. Соңғы уақытта Курчатов қаласында орналасқан Ұлттық ядролық орталықпен бірлесіп жоғары оқу орындарында мамандар даярлау бойынша бес филиал ашылды. Мұнда жұмысқа шетел университеттерінің түлектері де келеді. Орталықта өзінің кадрлық резерві де бар.
ОЛЬГА МОМОТ, РФ ҰЛТТЫҚ ЯДРОЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ БӨЛІМШЕСІНІҢ ДОЦЕНТІ:
- Мен Ресей қазір әлемнің түрлі елдерінде белсенді насихаттап, салып жатқан ең заманауи ВВЭР-1200 реакторы, бұл технологиялардың артықшылығы, неге бұл ең заманауи реактор екендігі туралы айта аламын.
ВАЛЕРИЯ ГАМУЛИНА, ҮМЗ ПЕРСОНАЛДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕРІ:
- Биыл біз зауыттың тапсырысы бойынша магистранттарымызды дайындауды бастадық. Қазіргі уақытта бірінші кафедраның 187 түлегі зауытта жұмыс істейді. Әзірге бұл жеткіліксіз, бірақ біз бұл мәселені бірлесіп дайындау арқылы шешуге тырысамыз. Сонымен қатар, шетелдік сарапшылардың пікірінше, Қазақстан жоғары технологиялар еліне айналуы мүмкін. Бұл үшін республиканың барлық ресурсы: өндірістік қуаты және, сөзсіз, адами капиталы бар.
КЕНИ СЕГАЛЬ, ПРОФЕССОР /ИЗРАИЛЬ/:
- Көлік инфрақұрылымын дамыту елді тауар алмасу үшін ыңғайлы әрі қолжетімді етеді, жаңа технологияларды енгізу Қазақстанды әлемнің ең озық елдерімен қатар қояды, ал өз шикізаты болған кезде жергілікті «ақылды» индустрияның дамуы халықаралық нарықта Қазақстаннан шыққан сапалы және бәсекеге өте қабілетті өнімнің пайда болуына ықпал етеді. Мемлекет тек тұтынушы ғана емес, сонымен қатар жоғары технологияларды өндіруші бола алады.
19 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
13 желтоксан 2024
05 желтоксан 2024