16 ақпан 2018
Білікті кадрлардың болуы кез келген, әсіресе атом энергетикасы сияқты ерекше саланың ойдағыдай дамуының маңызды көрінісі болып табылады.
Ұлттық ядролық орталықта кадрлар даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Қызметкерлерді ішкі және арнайы тренингтерге жолдау арқылы біліктілігін көтеру курстары тұрақты өткізіледі.
Атом энергетикасы саласындағы кадрлар даярлау бойынша кәсіпорын Еуропа елдерімен, Жапониямен және ТМД елдерімен бұрыннан және жемісті жұмыс істеп келеді.
Жас мамандарды даярлауға ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры үлкен қолдау көрсетеді.
Осылайша, қазіргі уақытта Ресей Федерациясының МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің плазма физикасы факультетінде ҚР ҰЯО реакторлық қондырғылардың жылу физикасы зертханасының инженері Игорь Соколов тағылымдама өтіп жатыр.
Оқып жатқан уақыт ішінде Игорь ИТЭР реакторында және басқа токамактарда плазмамен ұстасқан материалдармен плазманың өзара әрекеттесуін зерттейді, сондай-ақ МИФИ плазма физикасы кафедрасының доценттерімен аталған саладағы бұдан арғы зерттеулердің өзектілігі бойынша шолу жүргізеді. Ғылыми тағылымдама барысында МИФИ плазма физикасы кафедрасымен бірлескен эксперименттік жұмыстардың түрлері қарастырылатын болады.
Жаңа дағдылар Игорьдің бұдан арғы зерттеулеріне көмектесетініне, ал Ресей Федерациясындағы әріптестермен орнаған ынтымақтастық өз зертханамызға әдістер мен тәсілдер енгізуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз.
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024
31 қазан 2024