Қымбатты әйелдер!


07 наурыз 2018

Шұғылалы көктем мерекесі – Халықаралық 8 Наурыз мерекесімен шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Сіздерге – ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті асыл жандарға мың да бір алғыс айтуға рұқсат етіңіздер!

Әрдайым нұр шашып, күндей күлімдеп, көктемдей көрікті болып, аман-есен жүре беріңіздер!

Сіздерге мол махаббат, зор денсаулық, отбасылық бақыт, береке-бірлік және көктемгі көңіл-күй тілеймін!

 

Құрметпен,

Эрлан Батырбеков,

ҚР Ұлттық ядролық орталығының

бас директоры

поздравление 8 марта