24 қаңтар 2017
2017 жылғы 17 – 19 қаңтар аралығында Үндістан астанасы Нью-Делиде «Жаңа норма: көп жақты тәсіл және көп полярлық» форумы болып өтті. Бұл – Оңтүстік Азиядағы геосаясат мәселелеріне арналған ең ауқымды конференциялардың бірі. Биылғы жылы форумға әлемнің 65 елінен келген 250-ден астам адам қатысты. Форумды Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди ашты.
Талқыланған басты тақырыптар жаһандық халықаралық қарым-қатынас жүйесінде 2016 жылы болған іргелі өзгерістер, көп жақты ынтымақтастық, экономикалық интеграция және өңірде қауіпсіздіктің тиімді сәулетін құру мәселелері болды.
Эрлан Батырбеков климат жөніндегі Париж келісімінің мәселелері талқыланған "Will Energy Trump Climate?" пікірталасына қатысты. Сөз сөйлеу барысында Қазақстанда Париж келісімі 2016 жылғы қазан айында ратификацияланғандығы атап көрсетілді. Осылайша Қазақстан өзінің төмен көміртекті дамуға көшу және әлемдік экономиканы көміртексіздендіру жөніндегі жаһандық саясатты ұстанатынын растады.
22 қараша 2024
31 қазан 2024
31 қазан 2024
24 қазан 2024