26 наурыз 2018
ССП-дағы судың сапасын зерттеу
2018 жылғы 1 наурызда Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың «Семей сынақ полигонындағы жалпы экологиялық ахуалдың қалыптасуына химиялық токсиканттардың әсер етуін зерттеу» жобасы басталды. Бұл жобаны іске асыру бойынша жұмыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына жүктелді.
Аталған жоба Астана қаласында ХҒТО бас кеңсесі ашылған сәттен бастап Қазақстанда іске асырылатын алғашқы жобалардың бірі.
Оның мақсаты Семей сынақ полигонының су пайдалану объектілеріндегі судың сапасын зерттеу және полигонға тікелей жақын тұратын адамдардың жалпы химия-радиациялық жүктемесіне химиялық токсиканттардың үлесін бағалау болып табылады.
Жоба шеңберінде су пайдалану объектілеріндегі су сапасының жалпы химиялық көрсеткіштерін және ауыр металдардың, химиялық токсиканттар мен радионуклидтердің мөлшерін анықтау бойынша жұмыстар; су түбі шөгінділеріндегі, жағалаудағы топырақтар мен өсімдіктердегі уытты металдардың, ауыр элементтердің және радионуклидтердің мөлшеріне талдау жүргізілетін болады. Бұған қоса ССП су объектілерін ластану типі мен деңгейі бойынша радиациялық-геохимиялық аймаққа бөлу және ССП су пайдалану объектілерінің сапасын бағалау жоспарланған.
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024
31 қазан 2024