19 сәуір 2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығында ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық бастамалар шеңберінде ИВГ1.М реакторын төмен байытылған отынға конверсиялау жұмыстары жалғасуда.
ИВГ1.М реакторын конверсиялау барысында төмен байытылған жаңа отыны бар екі отын жинағы ұзақ ресурстық сынақтан өткізілуі тиіс. Төмен байытылған урандағы екі отын жинағын сынауды жалғастыру мақсатында 2018 жылғы 13 сәуірде ИВГ1.М зерттеу реакторын кезекті іске қосу сәтті жүргізілді. Іске қосу барысында реактор жоспарланған уақыт ішінде стационарлық деңгейдегі қуатта жұмыс істеді.
ИВГ1.М реакторын конверсиялау бағдарламасынан басқа, іске қосу кезінде «Литий қылтүкті-кеуекті құрылымдарды реакторлық сынау» жобасы шеңберінде эксперимент жүргізілді, бұл әлемдегі алғашқы тәжірибелік термоядролық реактор құру жөніндегі халықаралық бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Эксперимент барысында литий қылтүкті-кеуекті жүйелерден оны реакторда сәулелендіру кезінде тритийдің бөлінетіні туралы деректер алынды. Еске сала кететін жайт, тритий жобаланатын термоядролық реактор отыны құрауыштарының бірі болып табылады. Реакторлық эксперимент ойдағыдай өткізіліп, эксперименттің міндеттері орындалды.
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024
31 қазан 2024