16 мамыр 2018
2018 жылғы 14 мамырда Женева қаласындағы БҰҰ штаб-пәтерінде ядролық қарусыздануға жәрдемдесудегі бақылаудың рөлін қарастыру жөніндегі үкіметтік сарапшылар тобының бірінші сессиясы өз жұмысын бастады. Топ БҰҰ Бас Ассамблеясының 71/67 қарарына сәйкес құрылды және әлемнің әр елінен іріктеліп алынған БҰҰ Бас Хатшысының 25 сарапшы-кеңесшісін қамтиды. Үкіметтік сарапшылар тобына Қазақстан атынан ҚР ҰЯО РМК бас директоры Э.Ғ. Батырбеков кіреді.
Топ жұмысының алғашқы күні үкіметтік сарапшылар ядролық қарусыздануды бақылаудың практикалық және тиімді шараларын әзірлеу мен күшейту, осы шаралардың ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізудегі маңыздылығы туралы өз пікірлерін білдірді.
Өз сөзінде Э.Ғ. Батырбеков ядролық қаруды жою үдерісінің тиімділігі оның шын мәнінде жан-жақты болуында екенін атап көрсетті. Ядролық қарудан бас тарту ортақ мақсат – ядролық қарусыздануға толық қол жеткізу жолдарын іздестіруге түрткі болатын жалпыға бірдей ішкі қажеттілікке айналуы тиіс. Ол үшін әскери тежеу тұжырымдамасының қонымды баламасы болып табылатын сенімділік ахуалын нығайту қажет. Бұл жағдайда Семей ядролық сынақ полигонын жауып, ядролық қарудан толық бас тартып, қысқа уақыт ішінде ядролық арсеналдың әлемдегі төртінші иеленушісінен жаһандық таратпауда көшбасшы елге айналған Қазақстан Республикасының тәжірибесі ерекше.
Баяндама барысында қарусыздану процесінің негізгі элементтерінің бірі тиімді бақылау екендігі, ол болмаған немесе тиімділігі төмен болған жағдайда ядролық қарусыздануға қатысты міндеттемелердің нақты әрі жан-жақты орындалуына толық сенімділіктің болмайтыны атап өтілді. Ядролық қарусыздануды бақылау маңызды әрі күрделі міндет болып табылады, оның шешімі бірқатар мәселелермен байланысты, мәселен, ядролық қаруы жоқ мемлекеттерге бақылау жүргізуге белсенді қатысу кезінде шетін ақпараттың таралу тұрғысынан қол жеткізуіне тыйым салуды сақтау міндеті. Бұл жағынан алғанда ядролық қаруды сынау инфрақұрылымдарын жою мәселелерінде ядролық қаруға ие мемлекеттермен өзара белсенді әрекет жасап жүрген ядролық қарусыз мемлекет мәртебесіндегі Қазақстан Республикасының тәжірибесі айтарлықтай. Э.Ғ. Батырбеков көп жақты ядролық қарусыздануды бақылаудың ең жоғары тиімді жүйесін құру процесінде сарапшыларды осы тәжірибеге сүйенуге шақырды.
Үкіметтік сарапшылар тобының алғашқы сессиясының келесі жұмыс күндері Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт жөніндегі ұйымның, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның, халықаралық бастамалардың жұмысы шеңберінде бақылауды қамтамасыз ету тәжірибесін қарастыру, ядролық қарусыздануды бақылауға арналған осы және басқа да тәсілдерді қолдану мәселесі бойынша пікір алмасу, мұндай бақылауды қамтамасыз етудің түйінді мәселелерін айқындау және талқылау жоспарланған.
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024
31 қазан 2024