25 мамыр 2018
Биыл Қазақстанның көне ғылыми кәсіпорындарының бірі – ҚР Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы институтының құрылғанына 60 жыл толды.
Қазіргі Атом энергиясы институтының құрылу тарихы өткен ғасырдың 50-ші жылдары басталды. 1958 жылы 13 мамырда Семей ядролық сынақ полигонында РВД эксперименттік қондырғысын құру туралы қаулы қабылданды (РВД – жарылыс реакторы, сол кезде болашақ ИГР реакторы осылай аталды). Қаулыда «...атом реакторларында қуаттың шапшаң артуы кезінде болатын физикалық процестерді зерделеу үшін КСРО Қорғаныс министрлігі объектісінде жоғары температуралы ядролық гомогендік графит реакторы бар РВД эксперименттік қондырғысы салынсын...» деп көрсетілді. Бұл құжат Атом энергиясы институтының құрылуына тікелей қатысы бар мемлекеттік деңгейдегі алғашқы құжат болды, сондықтан дәл осы 1958 жылғы 13 мамыр кәсіпорынның құрылған күні болып есептеледі.
Бүгін, 25 мамыр күні, салтанатты жиналысты аша отырып ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков: «Қалыптасып, жемісті еңбек еткен алты онжылдықтың ішінде Институт атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында тек Қазақстанда ғана емес, барлық аймақта да жетекші кәсіпорынға айналғанын мақтанышпен айтамын. Ал қызметінің жеке бағыттары бойынша әлемге танылды. Бұл ең алдымен – жылу және шапшаң реакторларға арналған атом энергетикасының қауіпсіздігі. Әсіресе жапондық Eagle, Cormit, Fukusima келісімшарттарын ерекше атап өткім келеді. CAE (Франция) және ҒЗКЭТИ-мен бірлескен зерттеулер дайындық сатысында, бұл осы елдерде салынып жатқан шапшаң нейтрондардағы реакторлардың жылу бөлгіш жинақтарының жай-күйін сынау жөнінде болмақ. Қызметтің жаңа бағыты – термоядролық энергетиканы дамыту туралы жеке айта кету қажет», - деп атап өтті.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, мемлекеттік органдардың басшылары өз құттықтауларын жолдады. Курчатов қаласының әкімі, әріптестер мен сала ардагерлері де жылы тілектерін білдірді. Жеделхаттар мен құттықтауларда Қазақстанда атом энергетикасын құру мен дамыту, институттың қолданбалы зерттеулерге арналған ғылыми-эксперименттік базасын, кәсіпорынның технологиялық инфрақұрылымын дамыту үшін жүргізілетін зерттеулердегі кәсіпорынның жетістіктері, сондай-ақ атом саласы үшін жоғары білікті кадрлар даярлаудағы үлкен үлесі атап көрсетілді.
Ұзақ жылғы жемісті еңбегі, атом энергетикасын дамытудағы зор үлесі үшін Институт қызметкерлері медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024
31 қазан 2024