05 маусым 2018
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнімен, ал барша экологтарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!
Біздің елімізде табиғатты ұтымды пайдалану және экологиялық ахуалды жақсарту мәселелерін шешуге бағытталған міндеттер әрқашан алдыңғы қатарға қойылады. Біздің өмір сүру сапамыз осыған тәуелді.
Эколог мамандардың, табиғатты қорғау ұйымдарының, волонтерлердің үйлесімді жұмысының арқасында экология саласында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді.
Бүгінгі таңда мен біздің Радиациялық қауіпсіздік және экология институты мамандарының бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы радиациялық ахуалды жақсарту іс-шараларын жүргізуге ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да объектілерінде радиациялық қауіпті жағдайларды жою жұмыстарын жүзеге асыруға қосқан үлесін, тәжірибесі мен біліктілігін айрықша атап көрсеткен болар едім. Еңбектеріңіз үшін, қоршаған ортаны сақтауға және жақсартуға деген адал талпыныстарыңыз үшін баршаңызға үлкен рахмет!
Бүгінгі мереке күні сіздерге кәсіби жетістіктер, жаңа шыңдарды бағындыруда сәттілік пен күш-қайрат тілеймін!
Эрлан Батырбеков, ҚР ҰЯО РМК бас директоры
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024
31 қазан 2024