14 маусым 2018
PhD дәрежесін беру
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының сәулелендіру қондырғыларының жылу физикалық және нейтронды физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының бастығы Иркимбеков Руслан Александровичке 6D060400 – «Физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
Руслан Иркимбеков 2016 жылы қазанда Томск ұлттық политехникалық зерттеу университетінің аспирантурасын тәмамдап, РФ ЖАК шешімімен 01.04.14 «Жылу физикасы және теориялық жылу техникасы» мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.
Ғылыми жұмысының жетекшісі – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі Шаманин Игорь Владимирович.
Ғылыми кеңесшісі – ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалы директорының сынақтар жөніндегі орынбасары, физика-математика ғылымдарының кандидаты Вурим Александр Давидович.
Құттықтаймыз! Ғылыми қызметіне жаңа табыстар тілейміз!
ҚР Ұлттық ядролық орталығы негізінде Қазақстан Республикасы кафедралар филиалдарының жұмыс істеуі кәсіпорынның жас ғалымдарына да өз зерттеулері үшін ядролық зерттеу реакторларын, эксперименттік қондырғыларды және заманауи талдамалық жабдықты қамтитын бірегей эксперименттік базаны қолдана отырып, өндірістен қол үзбей PhD докторантурада оқуына мүмкіндік беретінін еске саламыз.
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024
31 қазан 2024