22 маусым 2018
2018 жылғы 19-20 маусымда ҚР ҰЯО зерттеу реакторларының пайдаланылған ядролық отынын (ПЯО) Ресейге ықтимал қайтаруға дайындық жобасы шеңберіндегі Айдахо ұлттық зертханасы, Окридж ұлттық ұлттық зертханасы (АҚШ), «Сосны» ҒӨФ (Ресей) және ҚР Ұлттық ядролық орталығы мамандарының кезекті жұмыс кездесуі өтті.
Жұмыс кездесуі барысында RRRFR жобасының басшысы Игорь Большинский бастаған шетелдік мамандар ҚР ҰЯО-ның реакторлық кешендеріне барып, ИВГ.1М және ИГР зерттеу реакторларының жоғары байытылған уран (ЖБУ) отынын ықтимал әкетуге дайындық мәселелерін талқылады.
Жұмыс кездесуінің күн тәртібі ИВГ.1М реакторының пайдаланылған ЖБУ отынымен жұмыс істеу технологиясын, ИГР реакторының сәулелендірілмеген ЖБУ отынын байытуды төмендетуді дайындауды, ИГР реакторының сәулелендірілген ЖБУ отынын ҚР ҰЯО көмегімен қайта өңдеу мүмкіндігін бағалауды әзірлеу тақырыптарын қамтыды.
ҚР ҰЯО зерттеу реакторлары алаңдарын олардағы жоғары байытылған бөлінетін материалдардың санын төмендетуге дайындау бойынша негізгі шешімдерді белгілеудегі айтарлықтай жетістікке қол жеткізілді.
Жұмыс кездесуі кезінде Америка делегациясының басшысы
И.М. Большинский ҚР ҰЯО бас директоры Э.Ғ. Батырбековке RRRFR (Russian Research Reactor Fuel Return) бағдарламасының он жылдық мерейтойы құрметіне естелік белгі табыс етті.
27 қараша 2024
27 қараша 2024
22 қараша 2024
31 қазан 2024