Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтін мақалалар жарияланымға жіберілмейді. «ҚР ҰЯО Жаршысы» атты мақалалар жинағына ұсынылатын мақалаларға келесі талаптар қойылады. Мақалалар MS WORD пішімінде баспа және электронды көшірме түрінде (иілгіш дискіде немесе (attachment) файлмен қосылған электронды почта арқылы) ұсынылады. Мәтін А4 (210×297 мм) пішімдегі, жоғарғы және төменгі өрістері 30 мм, сол жақ және оң жақ өрістері 20 мм болатын парақтарда, жоғары мүмкіндікті принтерде (300-600 dpi) басылуы тиіс. Парақтарды көлбеу орналастыру рұқсат етілмейді. Жай мәтін үшін биіктігі 10 пт және тақырыптар үшін 12 пт Times New Roman қарпі қолданылады. Тақырыптар үшін (Тақырып 1, 2...) стилін қолдануды және оларды жай мәтін, кестелер және суреттердің астындағы жазулар үшін қолданбауды өтінеміз. Мәтін дара жолдар аралығы арқылы басылады, абзацтар арасында - бір бос абзац немесе абзац алдында 12 пт аралық болуы тиіс. Сол жақ жоғарғы бұрышта УДК индексі көрсетілуі тиіс. Мақаланың аты төменде бас әріптермен жазылады. Мақаланың атынан кейін 3 аралық төменде авторлардың аты-жөндері және олар мүддесін білдіретін ұйым орналасқан қаланың, елдің толық атауы жазылады. Бұдан кейін 2 бос абзац төмен түсіп немесе абзац алдында 24 пт аралық жасай отырып, негізгі мәтін басылады.
Мақалаларды жазу кезінде келесі талаптарды орындау қажет:
Мақалаға келесі құжаттар қоса беріледі:
Мәтін жіті түрде тексерілуі және саралануы тиіс. Мақаланың соңында автордың қолы қойылуы, тұрғылықты мекен-жайы, қызметі мен үйінің телефоны, электронды почтасының мекен-жайы көрсетілуі тиіс.
Жауапты хатшы:
В.А. Витюк ф.-м.ғ.к.
тел. (722-51) 3-33-33 ішкі тел. 3-75
E-mail: vityuk@nnc.kz
Техникалық редактор:
И.Г. Перепелкин
тел. (722-51) 3-33-33 ішкі тел. 3-86
E-mail: igor@nnc.kz
Редакция мекенжайы:
180010, Қазақстан,
Курчатов қ., Бейбіт атом к. 2Б