"Радиациялық қауіпсіздік және экология институты" филиалы


1993 жылы 52605 әскери бөлімінің ғылыми-зерттеу бөлімшелерінің және ҚР ҰЯО радиоэкологиялық бөлімшелерінің негізінде құрылды.

Институт қызметінің негізгі ғылыми бағыты бұрынғы Семей сынақ полигонын (ССП) жан-жақты зерттеу, ССП аумағындағы және оған іргелес аумақтардағы радиоэкологиялық жағдайды қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады.

Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының:

радиоактивті заттарды сақтауды, ИСК пайдалануды, оларды сақтауды және есепке алуды қоса алғанда, иондаушы сәулелену көздерімен (ИСК) жұмыс істеуге; үй-жайлар мен жабдықтарды дезактивациялауды, радиоактивті қалдықтарды жинау мен сұрыптауды қоса алғанда, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге; аумақтарды радиациялық бақылауды қоса алғанда, атом энергетикасы саласында қызметтер көрсетуге; радиациялық қауіпсіздікке сараптама, талдау және бағалау жүргізуге; аумақтарды радиациялық оңалту мен рекультивациялауға; бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және ядролық жарылыстар жүргізу нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызметті қоса алғанда, жұмыстарды радиологиялық және радиоэкологиялық сүйемелдеуге; қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтерді орындауға және көрсетуге; «Радиоэкология», «Дозиметрші, радиохимия зертханашысы», «Радиоактивті заттармен жұмыс істеу кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» курстары бойынша мамандардың біліктілігін арттыруды қоса алғанда, атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет үшін мамандар мен персоналды арнайы даярлауға; прекурсорлар айналымына байланысты қызметке лицензиялары бар.

Институт зертханалары: рентгендік және γ-сәулеленудің амбиентті дозасының қуатын, радиоактивті заттармен ластанған беттен шығарылатын β-бөлшектер ағынының тығыздығын талап етілетін дәлдікпен өлшеуді айқындауды; топырақты, суды, тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімдерін, өсімдіктерді, құрылыс материалдарын α-, β-, γ-сәуле шығарушы радионуклидтердің меншікті белсенділік мөлшеріне сынауды қоса алғанда радиациялық, радиохимиялық және спектрометрлік сынақтарды жүзеге асыруға аттестатталған.

Институт республикалық және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (АЭХА), Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен (ХҒТО), НАТО, АҚШ зерттеу зертханаларымен және Ресей Ғылым академиясының (РҒА) институттарымен және т. б. сияқты халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастықта еңбек етеді.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері жыл сайын радиоэкология және радиобиология проблемалары жөніндегі республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда және семинарларда баяндалады. Институт базасында «Семей сынақ полигоны. Радиациялық мұра және таратпау мәселелері» атты 2 халықаралық конференция өткізілді. Институт өзінің 15 жыл жұмыс істеген уақыты ішінде 230-дан астам жарияланым жариялады.

Кәсіпорын келесі функцияларды жүзеге асырады: белгіленген тәртіппен республикалық ғылыми-техникалық және басқа да бюджеттік бағдарламалардың тапсырмаларын орындайды; келісімшарттар мен шарттар негізінде отандық және шетелдік ұйымдармен өз қызметінің бейіні бойынша жұмыстарды орындауды жүзеге асырады; Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары мен технологиялық әзірлемелер кешенін жоспарлайды, ұйымдастырады және орындайды; Республиканың негізгі кәсіпорындарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен және өнеркәсіптік кәсіпорындарымен Қазақстан Республикасының ғылымы мен халық шаруашылығы мүддесінде Кәсіпорында әзірленетін әдістер мен технологияларды іс жүзінде іске асыру мәселелерін үйлестіреді; Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады; Республиканың басқа мекемелеріне осындай мамандарды даярлауға көмек көрсетеді; кәсіпорын бейіні бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын және өзге де жұмыстарды орындау бойынша отандық және шетелдік ұйымдармен келісімшарттар жасасуға бағытталған іс-шаралар кешенін (әріптестер іздеу, маркетингтік зерттеулер жүргізу, Кәсіпорынның ғылыми-техникалық бөлімшелерінің қатысуымен жобаларды әзірлеу және қалыптастыру) әзірлейді және іске асырады; мүдделі ұйымдармен бірлесіп Кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттарын дамытуға және әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге бағытталған шаруашылық қызметті жүзеге асырады; белгіленген тәртіппен ғылыми еңбектер, әдістемелік, ақпараттық және басқа да материалдар шығарады; Кәсіпорынның ғылыми және өндірістік қызметінің негізгі бағыттары бойынша семинарлар, кеңестер, конференциялар өткізеді.

Generic placeholder image

Айдарханов Асан Оралханович

радиациялық қауіпсіздік және экология институты

P: +7 (72251) 3-34-13

Asan@nnc.kz

Официальный сайт:http://irse.nnc.kz/

Email: irbe@nnc.kz

ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы 180010, ШҚО, Курчатов қ., Красноармейская к-сі, 2